Табиғи нысандардың спектралды жарықтығын анықтау
Спектралдық жарықтығы - көрінетін, жақын және орта
инфрақызыл диапазондардағы электромагниттік толқындар спектрінің әртүрлі аймақтарындағы объектілердің жарықтығы.
Аэроғарыштық зондтауда суреттерді алу Әртүрлі спектрлік аймақтарда бірдей емес объектілердің жарықтығын тіркеуге негізделеді. Спектрлік жарықтылық коэффициенттерін анықтау үшін объектінің және эталонның жарықтығын салыстыру негізінде алынатын жарықтылықтың абсолюттік мәні де, салыстырмалы мәні де қолданылады. Әр түрлі толқын ұзындығы үшін спектрлік жарықтылық коэффициенттерінің мәндері жиі график түрінде — спектрлік жарықтылық қисық түрінде болады.