Қазақстан индустрияландыру кезеңінде. II бесжылдық жоспар

Содержание

Слайд 2

Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту

Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту

комбинатын  салу жоспарланды. Республиканың сол кездегі экономикалық ресурстары мұндай күрделі құрлыстарды салуға мүмкіндік бермейтін еді. Алайда соған қарамастан Кеңес үкіметі бұл құрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды.  Қарағанды көмір өндіріс орындарын да тез қарқынмен дамыту  қажет болды. Себебі  түрлі-түсті метал өндіру саласын тез дамыту барысы елде көмір өнімдеріне деген сұранысты ұлғайтты. Ал сол кездегі елдегі көмір өндіріс орындары сұранысты қамтамасыз ете  алмады. Осыған байланысты большевиктер төтенше жағдайда Қарағанды көмір өндірісінің  бар мүмкіндіктерін жұмылдыруға тырысты.
Слайд 3

Шахтерлар қаласы Қарағанды көмір алабы

Шахтерлар қаласы

Қарағанды көмір алабы

Слайд 4

Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен

Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары,  Өскемен

қорғасын-мырыш  зауыттары  салына бастады. 1933 жылы ақпан айында  Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар  Қазақстанда  ғана емес бүкіл ел көлеміндегі  түрлі-түсті металдардарды өндіруші өте ірі  өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты  бүкіл Одақтағы қорытылған  қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш  мыс қорыту зауыты  республикадағы  қорытылған мыстың 51 процентін берді.  Осының бәрі Қазақстанды  түрлі-түсті металдар шығарудан  одақ көлемінде  2 орынға шығарды. 

Мұнай өндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы  мұнай өндірудің көлемі  700 мың тоннаға жетті. Мұнай өндіруден Қазақстан Одақ көлемінде 3 орынға шықты. Эмбі мұнай орны игерілді.  Сағыз және Құлсары  мұнай орындары  ашылды.

Слайд 5

Қазақстанда химия өндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтөбе химия комбинаты мен

Қазақстанда химия өндірісі  қалыптасты. 1933 жылы  қарашада Ақтөбе  химия комбинаты  мен 

Аралсульфат  комбинаты да іске қосылды.  1928-1940 жж. темір жолдардың өсуі 50 процентке артып, оның ұзындығы 6581 км. жетті.

Қазақстан 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдары, өте қысқа мерзімде  аграрлы елден индустриялы елге айналды. Большевиктер өлкені  индустрияландыруды өте жоғарғы қарқынмен жүргізді. Мысалы: Одақ көлемінде мұнай өндіру 1926-1940 жж. 3 есе көбейсе,  Қазақстанда - 5,9 есе көбейді; көмір өндіру Одақ бойынша  5,7 есе артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге артқан; электр қуатын өндіру Одақ көлемінде 23,7 есе артса, Қазақстанда–486 есе артқан, яғни одақтық көлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда –3,1 есеге артқан.

Слайд 6

Қазақстанда индустрияландырудың өте кең көлемде және жоғарғы қарқында жүзеге асырылуы инженер-техникалық

Қазақстанда индустрияландырудың өте кең көлемде және жоғарғы қарқында жүзеге асырылуы инженер-техникалық 

маман кадрларды қажет етті. Әсіресе, 1933-1934 жылдары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы жаңа құрал-саймандармен, машиналармен қамтамасыз етілді. Оларды игеру үшін маман кадрлар қажет болды. Бұл мәселені шешу үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт мектептері, техникалық минимум кружоктары ашылды. Өнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі маман кадрларды даярлау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-металлургия институты сияқты алғашқы жоғары оқу орындары ашылды.  1933-1937 жылдары жоғары оқу орындары мен техникумдар  13 мың маман кадрларды даярлады. Сонымен қатар республиканың өндіріс орындары үшін маман кадрларды Рессейдің орталық аудандарындағы жоғары оқу орындарында даярлады. Алайда айта кететін бір жәй, Кеңес үкіметі өте күрделі инженер-техникалық маман кадрлар  даярлайтын жоғары оқу орындарын республикада ашпады. Бұл мәселеде республика орталыққа тәуелді болды.
Слайд 7

Слайд 8

Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп

Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп

өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты,  оның мынадай жетекші  салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы  индустрияландыру  тек шикізаттық бағытта болды.
Слайд 9

Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін зардабы өте

Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін зардабы өте

күрделі болды.  Біріншіден,  өлкенің экономикалық дәстүрі толық өзгерді, өнеркәсіп саласының өркендетілуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркәсіп өнімдері үлесінің көбейюіне әкелді.

Екіншіден, қала халқы санының артуына, қалалардың урбанизациялануы мен күшеюіне әкелді. Қала халқының жартысы дерлік (47,5 %) 50 мыңнан астам халқы бар қалаларда жинақталды. 1928-1939 жж. Қазақстан қалалары тұрғындарының санының көші-қонымның нәтижесіндегі механикалық өсуі 1,8 млн адамнан асты

Слайд 10

Үшіншіден, көші-қонымның нәтижесінде демографиялық өзгерістер болды, яғни Қазақстан көп ұлтты республикаға

Үшіншіден, көші-қонымның нәтижесінде демографиялық  өзгерістер болды, яғни Қазақстан көп ұлтты республикаға

айналды. Большевиктер  өлкеге жұмысқа басқа ұлттардың алдыңғы қатарлы  өкілдерін әкелді деуге болмайды. Себебі кеңес үкіметі әртүрлі қылмысы үшін  сотталып, түрмеде отырғандардың  еңбегін арзан жұмыс күші ретінде  пайдаланды. Сонымен қатар индустрияландыру саясаты республикада жергілікті ұлт өкілдерінің санының азаюына да әсер етті. Төртіншіден, индустрияландыру саясаты нәтижесінде өлкедегі ұлтаралық қарым-қатынас шиеленісті.  Оның себебі Орталықтан әкелінген европалық ұлт өкілдерінен  шыққан партия, кеңес қызметкерлері мен жұмысшылар қазақ қызметкерлері мен жұмысшыларына  менмендікпен жоғарыдан қарады. Мұндай көзқарас туралы фактілерді құжаттардан көруге болады. Большевиктер, сонымен қатар ірі өндіріс орындарынның  басшылығына жергілікті ұлт өкілдерін жібермеуге тырысты. Орталық үкіметтің нұсқауын бұлжытпай орындайтын адамдарды  орталықтан жіберіп отырды.