1939 Ж. МАУСЫМ-ТАМЫЗДА ӘРТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ САЯСИ МӘСЕЛЕЛЕР, ОНЫҢ ІШІНДЕ ҰЛЫБРИТАНИЯ
МЕН ГЕРМАНИЯ АРАСЫНДА ШАБУЫЛ ЖАСАСПАУ ТУРАЛЫ ПАКТІГЕ ҚОЛ ҚОЮ ТУРАЛЫ АҒЫЛШЫН-ГЕРМАН КЕЛІССӨЗДЕРІ ЖҮРГІЗІЛДІ. БІРАҚ ДӘЛ ОСЫ КЕЗДЕ ЖАСЫРЫН КЕҢЕС-ГЕРМАН КЕЛІССӨЗДЕРІ ДЕ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТТЫ.
Германия ағылшын-француз-кеңес келіссөздерін болдырмауға және Польшаға шабуыл жасаудың алдында КСРО-ның бейтараптығын қамтамасыз етуге мүдделі болды.
1939 ж. сәуір-мамырда кеңес үкіметі Англия мен Франция үкіметтерімен өзара көмек және КСРО-мен шектесетін шығыс Еуропа елдеріне көмек беру туралы келіссөздер бастады.
Шабуыл жасаспау туралы кеңес-герман пактіне 1939 ж. 23 тамызда қол қойылды. Шабуыл жасаспау туралы келісімде келісуші жақтардың біреуінің үшінші бір елдермен соғыс жанжалы шыға қалған күнде бейтараптық сақтайтындығын қарастырды.