XV ғасырлардағы қазақ хандары

Слайд 2

XV ғ. Қазақ хандары Керей хан 1456 — 1473 Әз-Жәнібек хан 1473-1480 Бұрындық хан 1480-1511

XV ғ. Қазақ хандары

Керей хан
1456 — 1473

Әз-Жәнібек хан
1473-1480

Бұрындық хан
1480-1511

Слайд 3

Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: Ол кезде

Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде былай дейді:

Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан

биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады…
Слайд 4

Слайд 5

Керей хан (туған, өлген жылы белгісіз – 1473) Керей хан (туған

Керей хан (туған, өлген жылы белгісіз – 1473)

Керей хан (туған жылы белгісіз,

XV ғасырдың 70-жылдарының басында қайтыс болған) - Қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі. Керей хан - Орыс хан немересі Болат ханның ұлы.
XV ғасырдың 50-жылдарға дейінгі тарихи мәліметтерінде Керей хан туралы деректер жоқ. "Тарихи Рашиди" еңбегіндегі деректерге сай, XV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған. 
Моғолдардың ханы Есенбұға (1432-1464) Шу өзенінің бойынан жер бөліп берген. Сонымен бірге, Есенбұға Әбілқайыр хан билеп отырған "Көшпенді өзбектер мемлекеті" тұрғындарының біраз бөлігінің Керей мен Жәнібектің қол астына өтуіне қарсы болмады.
Слайд 6

Әз-Жәнібек хан (туған жылы белгісіз - 1480) Жәнібек Әбусағит (туған жылы

Әз-Жәнібек хан (туған жылы белгісіз - 1480)

Жәнібек Әбусағит (туған жылы мен өлген

жылы белгісіз) - Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. XV ғасырда өмір сүрген. XV ғасырдың 50-жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.
1456 жылы Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілқайыр билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 жылы Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды.
Слайд 7

Бұрындық хан Бұрындық хан – Керей ханның үш ұлының бірі. Бұрындықтың

Бұрындық хан

Бұрындық хан – Керей ханның үш ұлының бірі. Бұрындықтың қашан

дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады. Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады.
1. Оның Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1472 жылдарда болған,
2. 1472-1473 жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі,
3. XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағы қайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.
Слайд 8

Пайдаланылған әдебиеттер http://bigox.kz/kerej-xan-1456-1473-zh-zh-bilik-kurgan/ http://www.bilimkozy.idhost.kz/kz/referat/tarikh/174-bryndy-han-1480-1511.html http://jastar.kz/kk/maqalalar/tarih/buryndyq-han-1207/ http://bankreferatov.kz/tarihi-tulgalar/1340-zhnbek-han.html

Пайдаланылған әдебиеттер

http://bigox.kz/kerej-xan-1456-1473-zh-zh-bilik-kurgan/
http://www.bilimkozy.idhost.kz/kz/referat/tarikh/174-bryndy-han-1480-1511.html
http://jastar.kz/kk/maqalalar/tarih/buryndyq-han-1207/
http://bankreferatov.kz/tarihi-tulgalar/1340-zhnbek-han.html