1972 жылы NBS (National Bureau of Standards, АҚШ) стандартты криптографиялық
алгоритм құрастыруға сынақ жариялады. Бірақ келіп түскен бір де бір ұсыныс қойылып отырған талаптарға сай келмеді. Тек 1974 жылы Lucifer атты алгоритм IBM корпорациясында жұмыс істеуші крипографтар атынан ұсынылды. Олар – Рой Адлер, Дон Копперсмит, Хорст Файстель, Эдна Кроссман және басқалары. NBS бюросы NSA ұйымынан алгоритмді бағалауда көмек сұрады. 1976 жылы DES федералдық стандарт ретінде бекітілді.
DES блоктық алгоритм болып табылады. Ашық мәтін ұзындығы – 64 бит. Кілт ұзындығы – 56 бит. Алгоритмде 16 раунд орындалады, яғни бірдей тәсілдердің комбинациясы ашық мәтінге 16 рет қолданылады.
DES (Data Encryption Standard).