Софья Ковалевская

Слайд 2

Софья Ковалевская

Софья Ковалевская

Слайд 3

Ол өмiрден ерте кеттi. Небәрi 41 жыл ғана өмiр сүрдi. Математикадан

Ол өмiрден ерте кеттi. Небәрi 41 жыл ғана өмiр сүрдi.

Математикадан үлкен жетiстiктерге жеткен Софья Ковалевскаяның жеке өмiрiнде де қиыншылықтар көп болды.

Оның математикаға деген қызығушылығы былай басталған екен: Софьяның бөлмесiне ата-анасы түсқағаз жапсырады. Жетпей қалған жерге математика кiтабының бiр бетiн жапсырыпты. Сол беттегi математикалық өрнектi күнде көрiп жүрген Софьяның математикаға деген қызығушылығы артады.
Ол 10 жас­қа толғанда алгебралық есептер жинағын түгел жатқа бiлдi және оны шығарып та үлгерген едi. Кiтап жұп-жұқа емес, қалың болатын. Әкесi, генерал-ма­йор Корвин-Круковский қызының мұнысын “ерiккеннiң ермегi” деп елемедi. Иә, генерал-майор Корвин-Круковский қатты қателескенiн кейiн бiлдi.

Слайд 4

Софья 13-14 жасында Федор Михайлович Достоев­скийге ғашық болған. Бiрақ Достоевский Софьяның

Софья 13-14 жасында Федор Михайлович Достоев­скийге ғашық болған. Бiрақ Достоевский

Софьяның әпкесi Аняны жақсы көрдi. Тiптi одан өзiне күйеуге шығуын да өтiнген. Мұны естiген Софья әпкесiмен сөйлеспей қояды. Бiрақ Аняның Достоевскийдiң ұсынысын қабылдамағанын кейiн бiледi.
Софья сегiз жыл бойы ер балалар гимназиясында оқыды. Содан кейiн Санкт-Петерборда белгiлi педагог А.Н.Страннолюбскийден сабақ алды.
Слайд 5

Софья Ресейдiң университеттерiне оп-оңай түсер едi, бiрақ ол кезде әйелдер үшiн

Софья Ресейдiң университеттерiне оп-оңай түсер едi, бiрақ ол кезде әйелдер

үшiн кез келген жоғары оқу орны жабық болатын.
Софья шетелге кетiп бiлiмiн одан әрi жалғастырғысы келдi. Ол үшiн шетелде қоныс­тануға арналған ықтияр хаттың болуы шарт едi. Оны бiреумен заңды түрде некелескен жағдайда ғана аласың. Сондықтан Софья жалған некеге тұрмақшы болады.
Әкесiнiң рұқсатын алған ол 1868 жылдың көктемiнде жас ғалым Владимир Ковалевскиймен келiсiм бойынша некеге отырады. Әйтсе де В.Ковалевский некенiң жалған екенiн мойындамайды. Сөйтiп, тойды Корвин-Круковскийлердiң ата-бабаларынан қалған қонысы – Полибинода өткiзедi.
Слайд 6

Бiр жылдан соң Софья Гейдельберг университе­тiнде физика, математика сабақтарынан дәрiс алады.

Бiр жылдан соң Софья Гейдельберг университе­тiнде физика, математика сабақтарынан дәрiс

алады. Мұнда да әйелдер оқуға жiберiлмейтiн. Бiрақ Софьяның бiлiмiне тәнтi болған профессорлар оны сабаққа кiргiзедi. 4 жыл немiс математигi В.Вейерштрасстан бiлiм алады. Оның негiзгi математикалық еңбегi дербес туындылы дифференциялық теңдеулер теориясына арналған. В.Вейерштрасстың ұсынуы бойынша 1874 жылы Геттинген университетi оған философия ғылымының докторы атағын бередi.
Сол жылы ол Ресейге қайтып келедi. Бiрақ Санкт-Петербор университетiне жұмысқа орналаса алмайды. Алты жылдай ғылыммен айналыспай, әдеби-публицистикалық жұмыспен шұғылданады. Өзiнiң өмiрiн, iшкi сезiмiн, жан тебiренiсiн қағазға түсiредi. Сөйтiп Софья повесть, мемуар, драма жазады.

Гёттингенский университет

Карл Вейерштрасс

Слайд 7

1883 жылдың сәуiр айында Мәскеу университетiнiң кеңесшiсi В.Ковалевский өз-өзiне қол (хлорофорға

1883 жылдың сәуiр айында Мәскеу университетiнiң кеңесшiсi В.Ковалевский өз-өзiне қол

(хлорофорға тұншығып) жұмсайды. Өлер алдында ағасына: “Софьяға айт, мен оның алдында кiнәлiмiн, оның өмiрiн құрттым” деп хат жазады. Күйеуiнiң қайтыс болғанын естiген Софья 4 күн тамақ iшпейдi. Ал бесiншi күнi ол есiнен танып қалады. Өз-өзiне келгенше бiрнеше айлар өтедi.
Слайд 8

Оған Париж, Швеция Ғылым Академияларының сыйлығы берiледi. Ол Стокгольмде белгiлi социолог,

Оған Париж, Швеция Ғылым Академияларының сыйлығы берiледi. Ол Стокгольмде белгiлi

социолог, Максим Ковалевскиймен танысады. Оның Ниццаның жанында салынған үлкен үйi болады. Софьяның қарамағына сол үйдi бередi. Софья онда теңiзге түседi, күнге күйедi, жақсы демалады. Олар 1891 жылдың мау­сым айында той жасамақшы едi, бiрақ... 1891 жылдың 10 ақпанында ұйықтап жатқан Софья қайтып оянбайды...