Слайд 8
Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейi 1990 жылы салынып, 1993 жылдың 25
қазанында пайдалануға берiлдi.
Музей целикат қышынан салынған, екi қабатты,екi күмбездi шығыс әшекейiмен безендiрiлген. Музейдің жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда,зерттеу мен насихаттауда үлкен роль атқарады. Көне заман ескерткішінің үлгі , нұсқаларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы және мұраларды ұрпақтан- ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім- тәрбие беретін ғылыми – мәдени және рухани мекеме.
Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музей облыстық атқару комитетi 1990 жылғы № 23 қаулысына сәйкес Қызылорда облысы, Шиелi ауданы Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейiнiң негiзi ретiнде құрылды. 2005 жылы Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейінің күрделі жөндеуден өтіп,Нартай өрт дабыл қондырғыларымен жабдықталынды. 2007 жылы қазан айында музей ішіне рэкспозиция жүргізілді.
Музей көлемi : Нартай музейiнiң жалпы көлемi 384,1 шаршы метр, арнайы шығыстық әдiспен соғылған, әшекейленген екi қабатты, екi күмбездi үйде орналасқан. Музей үйi негiзiнен 2 – қабатты көрме залынан тұрады: Музейдегі барлық экспонаттар саны: 14683 дана. оның ішінде негізгі қор 8867 дана. көмекші қор 5816 дана.