Жергілікті діріл көзі болып атыбалтын белгілі бір жабдықтың, құралсайманның және аппараттың
техникалық құжаттарында (паспорт, техникалық сипаттама, нұсқаулық) мынаны көрсету қажет:
дірілдің жағымсыз әсерін жоққа шығаратын немесе шектейтін құрылымдық шешімдердің болуы;
жабдық, құрал-сайман және аппарат жұмысының барлық номиналды тәртібі үшін оператор қолдарымен жанасу нүктелеріндегі координаттар өзектерінің ортогональдық жүйесінің үш бағытында өлшенген діріл сипаттамалары (діріл жылдамдығы мен діріл үдеуінің мәндері), шу сипаттамалары;
жұмыс істеушінің түрлі технологиялық операцияларды орындау, паспортпен белгіленген тәртіпте жұмыс істеуші қолымен салынатын басудың ең аз күші жағдайында сәйкес келетін қол құрал-сайманының көлемі, қол құрал-сайманының салмағы;
оты құрал және осы жабдық көзі болып табылатын ілеспе зиянды өндірістік факторлар.