Газ режимі жағдайындағы жерасты жұмыстарымен байланысты персонал ұйымның техникалық басшысы
бекіткен бағдарлама бойынша шахталық газ анықтағыштардың көмегімен газ өлшемін жүргізуге оқытылады.
Газ бойынша қауіпті шахталарға жанғыш және улы газдар табылған шахталар жатады.
Қазбалар мен құрылыстардың жанғыш және улы газдардың кіруі бойынша қауіптілігінің аймағы мен дәрежесін бағалауды, құрамына техникалық басшы, бас маркшейдер, бас геолог, шахтаның шаң-желдету қызметінің басшысы және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс жүргізу құқығына аттестацияланған ұйымның мамандары кіретін комиссия, геолого-маркшейдерлік құжаттама негізінде жүргізеді.
Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 352 бұйрығы