Слайд 13
![Зілзала салдарынан зақымдану ошақтарының сипаттамалары Табиғат зілзаласы дегеніміз – бұл төтеншелік](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1436302/slide-12.jpg)
Зілзала салдарынан зақымдану ошақтарының сипаттамалары
Табиғат зілзаласы дегеніміз – бұл төтеншелік ерекшелігі
бар тұрғындардың едәуір топтарының қалыптасқан тұрмысының бұзылуына, адамдар шығынына, материалдық құндылығы бар заттардың жойылуына әкелетін табиғаттың қауіпті құбылыстары мен процестері.
Табиғат зілзалаларына мыналар жатады: жер сілкінісі, су тасқыны, сырғыма, опырылма, қар көшкіні мен қар басу, сел, дауыл мен құйын, өрттер. Табиғат зілзалаларына қуаңшылық, ұзақ жауған нөсер жауын, күшті тұрақты аяз, эпидемия, эпизоотия, эпифитотия, орман мен ауыл шаруашылық зиянкестерінің жаппай таралуы да жатады.