Ұлттық дәстүрімізде табиғатты аялап, оны көз қарашығындай қорғау, жастарды жаратылыстың
заңдылығына сәйкесуге, табиғи байлықты үйлесімді пайдалануға дағдыландыру ــ ежелден жазылмаған қатаң қағидаға айналған. Айталық, халқымыздың сан ғасырлық сараптаудан өтіп бүгінге жеткен: «Су ішкен құдығыңа түкірме, бұлақтың көзін бітеме, су бойына дәретке отырма, малды теппе, басқа ұрма; құмырысқаның илеуін, құстың ұясын бұзба; көк шөпті жұлма, жалғыз ағашты кеспе, аңды атпа, жан иесін жәбірлеме, отпен ойнама, жолға күл төкпе, түнде күл-қоқыс шығарма т.б» толып жатқан тиым тағылымдарының өзі өз ұлтымызға ғана тән ұлттық ерекшелігімізді, өзге ұлтта жоқ асыл дәстүрімізді, өскелең экологиялық санамызды айғақтайтыны айдан анық. Біздің жоғарыдағыдай тыйым сөздеріміздің арғы төркінінде адамдарды қоршаған ортаға, табиғатқа, тіршілікке жанашырлықпен қарауға баулитын өскелең адамдық қасиет, терең тағылымды тәрбиелік мән қамтылып жатыр.
«Жаратылысты, экологиялық ортаны қорғайық» деген ғаламдық ұлы ұранға сәйкесетін осыдан артық ізгі дәстүр, асыл қасиет, экологиялық сана болмаса керек!
Қорытынды