Топырақтың су-тұз тәртібін реттеу үшін инженерлік-мелиоративтік жүйе,инженерлік-табиғатты қорғау жүйесі,су қорын
реттейтін инженерлік жүйе,инженерлік суландыру жүйесі құрылады,топыраққа арнайы мелиоранттар (әк және гипс) енгізіледі,тұзданған жерлерді шаю жұмыстарын жүргізеді.Суғару тәртібі жердің батпақтануына және қайта тұздануына жол бермеу керек және ол үшін суғармалау мөлшерін қатаң түрде мөлшерлеу,топырақ қабатынан судың сүзілуіне жол бермеу,топырақты шаюды өте жақсы су сүзіогіш жерлерде немесе кәріз желісін құру арқылы жүргізу және көлтабандарды пайдалану мәселелерін қарастыру керек.
Уақытша және кіші өзендердің су ағынын реттеуге арналған су шаруашылық құрылымдарының санын оңтайлау,алаптық қағиданың негізінде су қорларын пайдалануды реттеу.Бұл шаралар жерді баптау тәртібінің талабын ескере отырып орындалуы керек және ол қауіпті эрозиялық үдерістердің пайда болуын,құм және құмдақ топырақтардың жоғары сүзгіщ қабілетін,жер асыт суының тұздылығын,сазды және құмдақ топырақтардың тұздану қарқынын төмендетуге бағытталуы керек.