Авторлар мен сабақтас құқықтар субъектілерінің құқықтары

Слайд 2

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 1996 ж. 10 маусымдағы №


Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы  1996 ж. 10 маусымдағы № 6-I

Қазақстан Республикасының Заңы
(2015.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Авторлық құқық деп – автордың шығармашылық еңбегіне ғылым, әдебиет өнер туындысына жеке мүліктік және мүліктік емес құқығын айтамыз.
Авторлық құқық  және құқықтар туралы заң – санаткерлік меншік саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық кұқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас кұқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді
Слайд 3

Авторлық құқық субъектісі деп – Заң немесе Келісім шарт бойынша авторлық

Авторлық құқық субъектісі деп – Заң немесе Келісім шарт бойынша авторлық

құқыққа ие ғылыми, әдеби және өнер туындыларының шығарушылары оларды құқық иеленушілер немесе оның жұмыс берушімен басқа да тұлғалар болып табылады.
Авторлық құқық субъектісі ретінде жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғаларда болады.
ҚР-сы авторлық құқық және сыбақтас құқықтар заңының 9-шы бабына сәйкес әдебиет, ғылым, өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактісіне де байланысты болады.
Слайд 4

Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi 1. Осы тарауда көзделген орындаушыға қатысты құқықтар

 Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi
      1. Осы тарауда көзделген орындаушыға қатысты құқықтар

алғашқы орындалудан немесе қойылымнан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Осы Заңның 37-бабында белгiленген орындаушының есiмiн, орындаушылықты немесе қойылымды кез-келген бұрмалаудан немесе орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiруi мүмкiн өзге де қол сұғушылықтан қорғау құқықтарының қорғалуына шек қойылмайды.
      2. Осы тарауда көзделген фонограмманы жасаушыға қатысты құқықтар фонограмма алғаш жарияланғаннан кейiнгi жетпiс жыл бойына, егер осы мерзiм iшiнде фонограмма жарияланбаған болса, ол алғаш жазылып алынғаннан кейiнгi елу жыл бойы күшiн сақтайды.
      3. Осы тарауда көзделген эфирде хабар тарату ұйымына қатысты құқықтар мұндай ұйым эфирде алғашқы хабар таратуды жүзеге асырғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
      4. Осы тарауда көзделген кабельдiк хабар тарату ұйымына қатысты құқықтар мұндай ұйым кабель арқылы жалпы жұрттың назарына арналған алғашқы хабарлауды жүзеге асырғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
      5. Заңды түрде жария болған немесе жасалған кезiнен бастап, егер олар жарияланбаған болса, осы Заң күшiне енген күннен бастап жетпіс жыл мерзiм өтпеген радио және телехабарлар (эфирге хабар тарату) қалған мерзiмде сабақтас құқықтар объектiсi ретiнде қорғалады.
Слайд 5

Сабақтас құқықтардың субъектiлерi 1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлiк және кабельдiк хабар

Сабақтас құқықтардың субъектiлерi
      1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлiк және кабельдiк хабар

тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектiлерi болып табылады.
      2. Фонограмма жасаушы, эфир және кәбіл бойынша хабар таратушы ұйымдар осы тарауда көзделген құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфирде немесе кабель бойынша берiлетiн туындыны орындаушымен, сондай-ақ оның авторымен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегiнде жүзеге асырады.
      3. Орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарын орындалатын туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда жүзеге асырады.
      4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:
      1) қоршауға алынған латынша Р әрпi: Р;
      2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);
      3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.
      5. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.