Жер асты коммуникациясы трассаның жер бетіне көшіруге қажет мәліметтер графикалық, аналитикалық
және басқа да тәсілдермен алынады. Көшіру тәсілін таңдау құрылыс сипаттамасына, трасса тартылуына, геодезиялқ желінің нүктелерінің болуына және берілген дәлдігіне немесе көмекші геодезиялық негіздемеге байланысты болады. Трассаның жақында алынған анық контурлары көп болған жағдайда графикалық әдіс тиімді. Бұл жағдайда мәндер ретінде бұрыштық және сызықтық өлшеулер алынады. Олар міндетті түрде топографикалық жоспардан жобалау үшін алынады.