Халықаралық ұйымдар
Халықаралық үкіметаралық ұйымдарда егемендік болмайды, өз территориясы, тұрғыны мемлекеттің өзге де атрибуттары болмайды. Олар халықаралық
құқыққа сәйкес келісімшарт негізінде егеменді субъектілерінен құрылады .
Халықаралық ұйымдардың негізгі қатынастары
1. Халықаралық нормаларды құруға қатысу құқықғы;
2. Нақты биліктік өкілеттіктерді ұйым органдарының пайдалану құқығы; соның ішінде орындалуы міндетті шешім қабылдауға құқық;
3. Ұйымға және оның қызметкерлеріне берілген артықшылықтармен иммунитеттерді пайдалану құқығы;
4. Қатысушылары арасындағы дауларды қарастыру құқығы;
Халықаралық ұйымның белгілеріне мыналар
жатады:
- халықаралық Жарғылық шарттың болуы;
- белгілі бір мақсаттардың болуы;
- сәйкесінше ұйымдық құрылымы: тұрақты органдар жүйесі және штаб-пәтері болуы;
- мүше мемлекеттер құқығы мен міндеттерінен ажыратылатын өзіндік құқықтары мен міндеттерінің болуы;
- халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкес құрылуы;
- үш және одан да көп мемлекеттер мүшелігі жатады