Бүркіт (лат. Aquila chrysaetos)

Содержание

Слайд 2

Бүркіт (лат. Aquila chrysaetos) — сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен

Бүркіт (лат. Aquila chrysaetos) — сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді.

Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1-2 жұмыртқа табады
Слайд 3

Бүркіт – сұңқартәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын ірі жыртқыш

Бүркіт – сұңқартәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын ірі жыртқыш

құс. Латынша аты (Aquіla chrysaetos) «алтын қыран» деген ұғымды білдіреді. Түркі халықтарының көпшілігі «бүркіт» (жемтігін бүріп ұстау тәсіліне сәйкес) деп атайды. Бүркіт Солтүстік Американы, Еуразияны, Солтүстік-Батыс Африканы, Жапония аралдарын мекендейді. Қазақстанда оның алты түр тармағы Маңғыстау, Үстірт, Мұғалжар, Сыр бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Сарыарқа, Тянь-Шань, Тарбағатай, Алтай өңірлеріндегі жазық жерлерде, тау бөктерінде кездеседі. Бүркіт – қырандар ішіндегі ең ірі әрі күшті, дене бітімі мығым, жылдам ұшатын құс. Саусақтары салалы, ірі әрі бедерлі (мүйіз қабыршақты). 
Слайд 4

Саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда кең таралған, бірақ

Саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда кең таралған, бірақ біркелкі емес,

кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны белгісіз, шамасы бірнеше жүз болуы керек. Санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бүркітті қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек.
Слайд 5

Қауырсындары бір түсті қара қоңыр. Желкесі мен мойнының сырты сарғыш-жирен түсті.

Қауырсындары бір түсті қара қоңыр. Желкесі мен мойнының сырты сарғыш-жирен түсті.

Жас бүркіттің құйрығы ақ, оның ұшында жалпақ қара жолағы, қанатының астында ірі ақ қауырсындары болады. Бүркіттің қанатының шеткі қауырсындарын шалғысы деп, ал құйрығының ортасындағы екі қабат әлді қауырсынын көбесі, қалғандарын жебесі деп атайды. Ұябасарының бір қанатының ұзындығы (топшысынан шалғысының ұшына дейінгі аралығы) 65 – 74 см, шәулісінікі – 59 – 66 см. Ұябасарының салмағы 3,8 – 6,3 кг, шәулісінікі 2,8 – 4,1 кг. Бүркіттің құйрық қанатының ұзындығы 33 – 36 см. Тұмсығының үстіңгі жағы төмен қарай иіліп келген, ұшы үшкір болады. Жұптасып тіршілік етеді. 
Слайд 6

Кең қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы

Кең қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы

(30—35 см) ұшқан кезде "ұшып бара жатқан қанатқа" ұқсайды. Ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу болады. Латынша "алтын қыран" деген аты күштілік пен айбындылықтың белгісі ретінде 200 жыл бұрын берілген. Бүркіттің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін. Үлкен құстары қара-күрең түсті, төменгі жақтары ақшылдау болады. Ұясын ағаштарға, құзжартастардың басына, ал далалы жерде — жерге салады. Өте жақсы ұшырады, жерде жақсы жүреді, жүгіре алады. Жемтігін ұстаған кезде, жартылай ашылған қанатымен ұстайды. Ұсақ және орташа сүтқоректілерді және құстарды ұстайды. Қазақстанда ормансыз және шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі, бірақ сирек. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді.
Слайд 7

Бүркіт суыр, қоян, түлкі, борсықты, кейде тышқан мен саршұнақты, тасбақаны, тұяқты

Бүркіт суыр, қоян, түлкі, борсықты, кейде тышқан мен саршұнақты, тасбақаны, тұяқты жануарлардың (ақ бөкен, елік, қарақұйрық) төлдерін

жейді.Бүркіт аңды тырнағымен емес, табанындағы бүртіктері – бездерімен буындырып өлтіреді. Үлкен ұясын (диаметрі 1,5 – 2 м) қурап қалған ағаш бұтақтарынан құздың, жартастың басына бірнеше жыл қатарынан салады. Наурыз – сәуірде бір – үштен жұмыртқалайды, оны әдетте ұябасары қырық – қырық бес күн шайқайды. Балапандарын алғашқы күндері шәулісі асырайды. Олар екі жарым айлығында ұядан ұшады, бірақ ұябасары мен шәулісі ұзақ уақыт бойы баулып, қарауылдап жүреді. Табиғи жағдайда бүркіт жүз жылдай тіршілік етеді. 
Слайд 8

Бүркіт Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл, Үстіртқорықтарында қорғалады. Олардың санының жылдан-жылға азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабына» (1996) енгізілген.

Бүркіт Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл, Үстіртқорықтарында қорғалады. Олардың санының жылдан-жылға азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабына» (1996) енгізілген.

Слайд 9

Бүркітті баулып, онымен аң аулау кәсібі, саятшылықтың бір түрі. Бұл кәсіппен

Бүркітті баулып, онымен аң аулау кәсібі, саятшылықтың бір түрі. Бұл кәсіппен ертеде көшпелі

түркі тектес халықтар шұғылданған. Тарихи деректер бойынша Жошы ханның 3 мың бүркітшісі болған. Бүркітті екі түрлі жолмен ұстайды: біріншісі – балапанын ұядан алып, қолдан баулу. Ондай бүркітті қолбала дейді. Екіншісі – бүркітті тағы күйінде ұстап үйрету. Бұлар – тірнек, тастүлек, мұзбалақ сияқты түз құстары. Бүркіт балапанын жем беру арқылы баулиды. Тұғырға отыруға жарасымен томаға кигізіп, балақ бау тағып, қолға қондыра бастайды. Ұшуға жараған кезде етке қант бүркіп, қоян, түлкі, қарсақ сияқты аңдардың терісіне орап, шыжым жіппен сүйретіп жүріп жегізеді, мұны «шырға тарту» дейді.
Слайд 10

Қазақ құсбегілері бүркіттің мекеніне қарай құз құсы немесе may құсы, сондай-ақ

Қазақ құсбегілері бүркіттің мекеніне қарай құз құсы немесе may құсы, сондай-ақ

ой құсы немесе қыр құсы деп ажыратады. Құз құсының бітімі кесек, кеуделі, яғни ірі, ал ой құсы шағындау келеді. Академик Ә.Марғұланның айтуынша, қазақ саятшы лары бүркітті таралған өңірі, аң ілу сипаты, бітіміне қарай Оралдың ақиығы, Алтайдың мұзбалағы, шөгелдер деп үлкен үш топқа бөледі[6].
Оралдың ақиығы шөлейт, суық өлкелерде, Орал, Мұғалжар тауларын, күнбатыс Сібір өңірін мекендейді. Басқа бүркіттерге қарағанда түсі қылаң, басы қара қоңыр, иық жүндері жапырақталған, сыр¬ты ақтеңбіл, бауыры кертарлан, балақ, саңғуыр жүндері ақтандақ, кер шұбар, қанатының асты қоңыр, қарасы аз болады. Оралдың ақиығы азулы аңнан қаймықпайтын, тұз құсының қайтпас қайраттысы, тіпті кұлан мен киікті де алады. Алтайдың мұзбалағы- бүркіттердің аса қарулы және ең ірісі. Жалпы түсі қара тарлан болып келеді. 
Слайд 11

1-ақбасты қыран; 2-қарақара 3-секретарь; 4-бүркіт; 5-ақиықты субүркіт

 1-ақбасты қыран; 2-қарақара 3-секретарь; 4-бүркіт; 5-ақиықты субүркіт

Слайд 12

Бүркіттің ұя салуы Бүркіт төрт жасында денесі толысып, жыныстық жағынан жетіліп,

Бүркіттің ұя салуы
Бүркіт төрт жасында денесі толысып, жыныстық жағынан жетіліп, ұя

сала бастайды. Күйт ойнағы басқа жыртқыш құстардікіндей өтеді. Академик Ә.Марғұланның жазуына қарағанда, бүркітшінің пірі Жалайыр Шораның асқан құсбегілігі жөнінде былай дейді: бүркітші «...кейде оларды таудың ішіне бос жіберіп жұмыртқалатып, жемді өзі жеткізіп тұрған. Иесіне үйренген құс тұз құсындай сескеніп, жұмыртқасын қызғанбайды, қайта жем іздеген кезінде таудың ішін жаңғыртып шу көтеріп, құсбегінің тез жем әкелуін күтеді». Бүркіт еркегін қазақта сарша немесе шәулі, ұрғашысын ұябасар деп атай¬ды. Жұптасқаннан кейін (аққулар сияқты) тіршілігінің соңына дейін бірге жүреді. Әрбір жұп бүркіттің 2-3 ұясы бо¬лады, оларды үнемі алмастырып отырады. Бүркіт қаңтарда шағылысып, ақпанда ұя салып, наурыздың басы немесе көкек айының соңына ала көмескілеу қоңыр дақты бір не екі жұмыртқа салады. Оны шәулі мен ұябасар кезектесіп 40-45 күн басады. Жұмыртқадан шыққан балапан бір аптадай құсықпен қоректеніп, кейін ет жемге ауысады. Балапанның осы аралыққа дейінгі кезеңі «ақ үрпек» деп аталады. Балапан қасқыр, түлкі, киік етін жеп дәніккен соң кейін өсе келе сондай аңдарға құмар болады. Бұл қазақтың «балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қанатты сөзінің арқауына айналған. Бүркіт балапанын екі-үш ай баулиды. Қауырсыны өсіп қатайып «қылышы» айқасқан соң ұшуға талпынады. Алғаш ұшқан балапанын бүркіттер қанатымен демеп, сүйемелдеп ұшуға үйретеді.