Өзіндік құн.Өнімнің өзіндік құны.
Өзіндік құн- өнім өндіруге жұмсалған шығындар: шикізат, материал,электр
энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Өнімнің өзіндік құны – бұл өнімді өндіруге, дайындауға және өткізуге кететін шығындардың ақшалай түрдегі өрнектелуі.
Өзіндік құнның экономикалық міндеті-жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның негізінде өндірістің барлық элементтерін қайта өндіру: өндірістік қорлар және жұмыс күші. Сонымен қатар кәсіпорын да басқа да шығындарды жүзеге асырады: өз жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк несиелеріне пайыз төлейді, әлеуметтік объектілерді ұстайды, бюджеттік емес қорларға аударымдар жүргізеді-бұл шығыстар кәсіпорынның қосымша шығыстарын құрайды.