Мемлекеттің аса маңызды мәселелерінің бірі монополияның және бәсекелестіктің экономиканы күйрететін
салдарға әкеп соқтырмайтын қатынасын қамтамасыз ету болып табылады. Осы міндет монополияға қарсы заңнаманың көмегімен шешіледі, аталмыш заңнамаға бәсекені дамытуды ұйымдастыру және құқық негіздері, сонымен бірге адал ниетті бәсекелестіктің монополиялық қызметінің алдын алу, шектеу және тыю жөніндегі шаралар белгіленген нормативтік актілер кіреді. Монополияға қарсы заңнама алғашқы рет АҚШ-та өткен ғасырдың соңында қабылданған болатын.
Экономикасы аралас тұрпаттағы көптеген елдер жалпы тақтика ретінде баға құрудың белгіленген ережелерін пайдаланады. Олар баға қалыптастыру тәртібі мен әдістемесін реттейтін заңнама актілері түрінде рәсімделеді.