Тасымалдаудың көптеген түрі
Елімізде темір жолмен тасымалдаудың өзіндік құны, салыстырмалы түрде
алғанда ең арзаны. Бірақ автокөлікпен жүк және жолаушы тасымалдау көлік жүйесі бойынша бірінші орында. Автокөлікпен жүк тасымалдаудың артықшылығы: тасымалды ұйымдастыруға жұмсалатын қаржының аздығы, көліктің оралымдылығы, жоғарылығы және жүкті жөнелтушіден қабылдаушыға дейін түсіріп қайта тиемей, бірден баратын жеріне жеткізіп бере алатындығы және көліктің теміржол, су жолы түрлеріне қарағанда жүкті, айтарлықтай жылдамдықпен тасымалдау мүмкіндігі.