Содержание
- 2. Макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігі Макроэкономикалық тепе-теңдік мәселесін шешу қоғамның барлық әр түрлі мүшелері арасында әр алуан тауарлар
- 3. Ұлттық экономика ауқымында тұтыну мен жинақтаудың кейнсшілдік талдауы. Кейнс теориясындағы барлық кіріс тұтыну мен жинаққа таратылады.
- 4. Тұтыну мен жинаққа мыналар әсер етеді: 1. Экономикалық жай-күйдің тұрақты болмауы және инфляцияның болуы. Бұлар тұтынуды
- 5. Инвестиция және жинақтау: тепе-теңдік мәселелері. Жинақ дегеніміз ағымдағы өндірістік және тұтынушылық мұқтаждықтарға жұмсалмаған қолданымдағы табыстың бір
- 6. Көптеген жылдар бойы өтелетін қаражаттар инвестициясы туралы мәселені шешкенде келесі шарттарды есепке алу керек: 1. Жаңа
- 7. Инвестиция - фирманың негізгі капиталын (зауыттар мен машиналар), сондай-ақ тауар қорын ұлғайтуға жұмсайтын шығындары. Инвестиция мөлшері
- 8. Мультипликатор нәтижесі. Туынды инвестицициялар және акселератор. Үнемділік парадоксы. Макроэкономиканың атқаратын шаралары туралы Кейнстік түсінік «мультипликациялық» тиімділік
- 9. Мультипликатор инвестиция көлемі үлғайғандағы ЖІӨ-нің өсу шамасын көрсететін сандық коэффициентті білдіреді. Ол ЖІӨ өсімнің инвестиция өсіміне
- 10. Экономикалық цикл және оның құрылымы Өнеркәсіптік немесе экономикалық циклдер теориясын зерттеуде К.Маркс едәір үлес қосты. Оның
- 11. Туынды ннвестициялар және акселератор. Классикалық мектеп логикасы бойынша жинақтарға деген үлкен талпыныс ұлттың гүлденуіне алып келеді.
- 12. Автономды инвестициялар - ұлттық табыс көлемі мен динамикасына тәуелсіз капиталдық салымдар. Олар бастапқы «инъекциялар» ретінде жүзеге
- 13. «Үнемділік парадоксы» Егер экономика кейнстік, яғни толық жұмыспен қамтылмаған дағдарыс жағдайында болса, онда мүмкін болатын экономикалық
- 14. Макроэкономикалық тепе – теңдікті анықтау үшін жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс ұғымдары қолданылады. Жиынтық сұраныс дегеніміз
- 15. Жиынтық ұсыныс – бұл әр түрлі баға деңгейінде ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтің жалпы саны, яғни
- 17. Скачать презентацию
Макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігі
Макроэкономикалық тепе-теңдік мәселесін шешу қоғамның барлық әр түрлі
Макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігі
Макроэкономикалық тепе-теңдік мәселесін шешу қоғамның барлық әр түрлі
Теңдестік бұл жерде мынадай пропорционалды жиынтықтарды көрсетеді:
а) өндіріс пен тұтыну;
б) қорлар мен олардын қолданылуы;
в) сұраныс пен ұсыныс;
г) өндірістің факторлары мен олардың нәтижелері;
д) материалдық-заттай және қаржылық қорлар.
Тепе-теңдік нарығы жартылай, жалпы және нақты болып бөлінеді.
Жартылай тепе-теңдік — бұл жеке тауарлы нарықтағы тепе теңдікті білдіреді.
Жалпы тепе теңдік — бұл еркін бәсеке заңы негізінде тұрғызылған барлық нарықтық үрдістер арқылы қалыптасқан біртұтас өзара байланысқан жүйе ретіндегі тепе-теңдік.
Нақты макроэкономикалық тепе-теңдік — бұл нарықтағы жетілмеген бәсекелестік жағдайында және нарыққа сыртқы фактордың ықпалы болғанда қалыптастырылатын тепе-теңдік.
Ұлттық экономика ауқымында тұтыну мен жинақтаудың кейнсшілдік талдауы.
Кейнс теориясындағы барлық
Ұлттық экономика ауқымында тұтыну мен жинақтаудың кейнсшілдік талдауы.
Кейнс теориясындағы барлық
Әр елдің тұтынудағы басымдылығы бірнеше факторларға байланысты:
1. Жанұяның табыс деңгейіне байланысты.
2. Тұтынылған заттардың тегін немесе ақылы болуы.
3. Нарықтың тауарлармен мол қамтамасыз етілуі.
4. «Мәртебелі тауарларды» халықтың түсіну мүмкіншілігі және т.б.
Тұтыну мен пайданың байланыстылығы тұтыну функциясы арқылы тұтынушы шығындарының әр қайсысына бар пайданың жеке-жеке жоспарланған және ынталанған деңгейін есептеп білу.
Тұтыну мен жинаққа мыналар әсер етеді:
1. Экономикалық жай-күйдің тұрақты болмауы
Тұтыну мен жинаққа мыналар әсер етеді:
1. Экономикалық жай-күйдің тұрақты болмауы
2. Салық өсуінің негізінде тұтыну мен жинақтың қысқаруы мүмкін.
3. Баганың өсуі тұтыну мен жинақтың кысқаруына әкеледі.
4. Әлеуметтік сақтандырудағы бөлектеудің өсуі жинақтың қысқаруына ықпал етеді.
5. Тұтынудың өсуіне талан-тараждық сұраныстың туындауы үлкен әсер етеді.
6. Нарықта ұсыныстардың көбеюі жинақтың қысқаруына әкеледі.
7. Кірістің өсуі тұтыну мен жинақтаудың өсуіне әкеледі.
Инвестиция және жинақтау: тепе-теңдік мәселелері.
Жинақ дегеніміз ағымдағы өндірістік және тұтынушылық
Инвестиция және жинақтау: тепе-теңдік мәселелері.
Жинақ дегеніміз ағымдағы өндірістік және тұтынушылық
Жинақтарды фирмалар да, үй шаруашылығы да жасайды. Фирмалар инвестициялауды өндірісті кеңейту және табысты ұлғайту үшін жинақтайды.
Инвестициялар дегеніміз жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да еңбек құралдары мен заттарды енгізуге байланысты өндірісті кеңейту және жаңарту мақсатында жасалады.
Инвестиция көздері:
1. Кәсіпорын қаражаты (өзіндік және қарызга алынған).
2. Мемлекеттік капиталдық инвестициялар.
Инвестициялар мөлшері мен динамикасы үш факторға жіктеледі: кәсіпорындық табыстар мен шығындарға және күтулерге байланысты.
Көптеген жылдар бойы өтелетін қаражаттар инвестициясы туралы мәселені шешкенде келесі
Көптеген жылдар бойы өтелетін қаражаттар инвестициясы туралы мәселені шешкенде келесі
1. Жаңа инвестициялар есебінен алынған жаңа өнімдерге сұраныстың өзгеруі.
2. Инвестициялар шығындарына әсер ететін пайыздық бағамдар мен салықтар мөлшерлері.
3. Сұраныс ауытқуларын анықтайтын саяси, технологиялық және құрылымдық өзгерістер.
4. Қоғамдағы инфляциялық үрдістер.
Инвестиция - фирманың негізгі капиталын (зауыттар мен машиналар), сондай-ақ тауар
Инвестиция - фирманың негізгі капиталын (зауыттар мен машиналар), сондай-ақ тауар
Негізгі қорларға салынатын инвестициялар пайыз бағамын төмендеткен кезде көтеріледі, ал төменгі пайыздың бағамы капитал бірлігіне қатысты шығындарды азайтады, сондықтан капиталды иемденуді көбірек ұтымды етеді. Жалпы және таза инвестициялар түрі болады. Жалпы инвестиция - арнайы кәсіпорынға ақшалай қаражатгы салу. Жалпы инвестициядан өтелімді (амортизацияны) алып тастаса - таза инвестиция қалады.
Мультипликатор нәтижесі. Туынды инвестицициялар және акселератор. Үнемділік парадоксы.
Макроэкономиканың атқаратын шаралары
Мультипликатор нәтижесі. Туынды инвестицициялар және акселератор. Үнемділік парадоксы.
Макроэкономиканың атқаратын шаралары
Экономика тепе-теңдік күйге жеткендегі ЖІӨ-нің оңтайлы көлемін анықтайтын Кейнcтік теория инвестиция өскенде, ЖІӨ бастапкы қосымша инвестицияға қараганда әлдеқайда үлкен көлемде өсетіндігін көрсетеді. Ол инвестициялардыц мультипликациялық (өспелі) әсерге жеткізетіндігінен шығады. Алгашқы әсерден басқа, екінші, үшінші және т.б. әсерлер құбылысы пайда болады. Бір саладағы шығындар басқаларындағы өндірісті кеңейтіп, жұмыспен қамтылуды көбейтеді. ЖІӨ көлеміндегі осындай өспелі көбейткіш әсер мультипликациялық әсер деп аталады.
.
Мультипликатор инвестиция көлемі үлғайғандағы ЖІӨ-нің өсу шамасын көрсететін сандық коэффициентті
Мультипликатор инвестиция көлемі үлғайғандағы ЖІӨ-нің өсу шамасын көрсететін сандық коэффициентті
Фирмалар тарапынан инвестицияның өсуі ЖІӨ көлемі мен халықтың жұмыс бастылығына тікелей әсер етеді. Кейнстік теория бойынша инвестиция өскен кезде ЖІӨ алғашқы қосымша инвестициядан да көп мөлшерде көбейеді. Бұл мультипликациялық әсер арқылы жүзеге асады. Инвестиция мультипликаторы табыстың өсуі инвестицияның өсуінен артық болатындығын көрсететін сандық коэффициент:
М = Y / І
Мультипликатор - жинақтауға шекті бейімділік көрсеткішіне кері шама:
М = 1 / МРS
МРС + МРS = 1 ал, МРS = 1 – МРС болатындықтан мультипликатор формуласы келесідей болады:
М = 1 / (1 - МРС)
Мультипликациялық әсер нәтижесінде іскерлік белсенділіктің жандануы әртүрлі кәсіпкер топтарының инвестициялауға бейімділігінің және сәйкесінше инвестицияның артуына алып келеді. Экономикалық жандану нәтижесінде болатын капитал салымының өсімі жанама инвестиция деп аталады. Ал, жанама инвестицияны игеру нәтижесінде болатын экономикалық өсу акселератор әсері деп аталады. Бұл үрдістер екі жақты болатындығын айта кеткен жөн.
Экономикалық цикл және оның құрылымы
Өнеркәсіптік немесе экономикалық циклдер
Экономикалық цикл және оның құрылымы
Өнеркәсіптік немесе экономикалық циклдер
Бір дағдарыстан екінші дағдарысқа дейінгі кезеңді К.Маркс өнеркәсіп циклі деп атады. Ол төрт фазадан тұрады: дағдарыс (I), тоқырау (II), жандану (III), өрлеу (IY).
Туынды ннвестициялар және акселератор. Классикалық мектеп логикасы бойынша жинақтарға деген үлкен
1. Капиталды жинау деңгейі өскен сайын, жоғары түсімді капитал салымдарының баламалы мүмкіндіктерінің шеңбері қысқаратындықтан, оның әрекет етуінің шектік тиімділігі төмендейді.
2. Табыстың өсуіне байланысты жинақ мөлшері арта түседі. Осыған байланысты Кейнс автономды және туынды инвестициялар категорияларын қарастырады.
Автономды инвестициялар - ұлттық табыс көлемі мен динамикасына тәуелсіз капиталдық
Автономды инвестициялар - ұлттық табыс көлемі мен динамикасына тәуелсіз капиталдық
Іскерлік әрекеттің жақсаруы, жұмыспен қамтудың көбеюі түрлі кәсіпкерлер топтарының инвестиция жасауларына алып келеді. Бұл инвестициялар туынды деп аталады. Олар ұлттық табыс динамикасына тәуелді.
Акселератор – таза инвестиция (жалпы инвестициядан алмастыруға жұмсалған инвестицияны шегергендегі) көлемінің ұлттық табыс өзгерісі қарқынына қатынасы. Тұтыну заттарына деген сұраныс машиналар мен жабдықтарға деген сұраныстың бірнеше мәртеге өсуіне алып келетін жалғаспалы реакцияны туғызады. Бұл зандылық акселератор нәтижесі деп сипатталады (акселератор — жылдамдатушы).
«Үнемділік парадоксы»
Егер экономика кейнстік, яғни толық жұмыспен қамтылмаған дағдарыс жағдайында
«Үнемділік парадоксы»
Егер экономика кейнстік, яғни толық жұмыспен қамтылмаған дағдарыс жағдайында
«Үнемділік парадоксы» саналы іс-әрекеттің жоспарланбаған нәтижесі ретінде экономикалық құлдырау және толық жұмыспен қамту болмайтын белгілі бір нақты жағдайда ғана болады. Кез-келген экономикалық әсер мультипликатор жағдайындағы сияқты экономикалық жүйенің тек белгілі бір жағдайының шеңберінде болады.
Макроэкономикалық тепе – теңдікті анықтау үшін жиынтық сұраныс және жиынтық
Макроэкономикалық тепе – теңдікті анықтау үшін жиынтық сұраныс және жиынтық
Жиынтық сұраныс дегеніміз – ақшаға шағылған өндірілген ұлттық өнімнің нақты көлемін тұтынушының, кәсіпорынның және мемлекеттің кез келген баға деңгейінде сатып алуы. Жиынтық сұраныс (AD) – тауар нарығында ұсынылған соңғы тауарға және қызметке деген барлық сұраныс қосындысын көрсетеді.
AD = C + I + G + E
Мұндағы:
C – тұтыну яғни, үй шаруашылқтарының сұранысы;
I – инвестиция, яғни, кәсіпкерлердің күрделі жабдықтарға сұранысы;
G - мемлекеттің сатып алуы, яғни тауарлар мен қызметке деген мемлекеттік сұраныс.
E - таза экспорт, яғни, отандық тауарларға шетелдіктердің сұранысы мен шет ел тауарларына отандастардың сұранысының айырмасы.
Жиынтық ұсыныс – бұл әр түрлі баға деңгейінде ұсынылуы мүмкін
Жиынтық ұсыныс – бұл әр түрлі баға деңгейінде ұсынылуы мүмкін
AS ═ ЖҰӨ немесе AS ═ ҰТ,
демек AS = жалақы + рента + пайыз + пайда
Жиынтық ұсынысқа да бағалық және бағадан тыс факторлар әсер етеді.
Бағалық факторларға өндіріс технологиясы мен шығындар (еңбек пен капитал) жатады. Ал бағалық емес факторларға:
өндірістік ресурстар бағасы;
нарықтың құрлымы;
өнімділік;
құқықтық нормалардың
өзгеруі жатады.
Егер жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысқа тең болса тауар нарығында тепе-теңдік орнайды.
Жиынтық ұсыныс — әрбір бағаның мүмкін болатын деңгейінде өндірістің нақты, яғни қолдағы бар көлеміне тең экономикалық агрегат. Жиынтық ұсыныстың үлгісі суретте бағамен ұлттық өнім көлемінің арасындағы тура байланысты көрсететін қисық түрінде берілуі мүмкін.