Слайд 4
![2. Экономика дегеніміз не? Экономика сөзін грек тілінен аударғанда, oikonomia -](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1429844/slide-3.jpg)
2. Экономика дегеніміз не?
Экономика сөзін грек тілінен аударғанда, oikonomia - үй
шаруашылығын басқару дегенді білдіреді. Бірақ та, қазіргі кезде ол көп мағыналы болғандықтан мына үш негізгі анықтамаларды атаған жөн:
- ең біріншіден, экономика бұл- өндіріспен байланысты барлық адамзат шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады;
екіншіден, экономика бұл - жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады;
- үшіншіден, экономика бұл - қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын қарастыратын, зерттейтін ғылыми пән деп айтуға болады.
Экономика бұл адамның шаруашылық қызметімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынас, бұлар түрлі аймақтардың, елдердің шаруашылық жүйесі болып табылады, бұл қоғамның шаруашылық өмірінің қандай да бір бөлігін зерттейтін ғылыми пән. Мысалы, нарықтық, әкімшіліктік-әміршілдік экономика, Қазақстан экономикасы, дүниежүзілік экономика, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық экономикасы және т.б.