Слайд 13
Кәсіпорын шыгындары өнімді дайындау үрдісіне қатысу сипатына байланысты негізгі жэне қосымша
болып бөлінеді.
Негізгі шығындар - өнімді дайындаудың технологиялық үрдісінің жүруімен тікелей байланысты. Оларға өнім дайындай- тын шикізат пен материалдар шыгындары, технологиялык үрдісте қолданылатын отын жэне энергия (ғимараттарды жылыту мен жарықтандыру шығындары емес) шығындары, негізгі өндірістік жүмысшылардың жалақысы, жабдықтарды күту, ұстау, пайдала ну шығындары кіреді.
Қосымша шығындар өнім өндірумен емес, өндірісті үйымдастыру, басқару жэне пайдаланумен тікелей байланысты. 191 Оларға әкімшілік - басқару персоналының жалақы шыгындары, үй-жай, ғимараттарды жылыту мен жарық беру шығындары және олардың амортизациясы жатады.
Шығындар өндіріс көлеміне байланысты өзгермелі жэне шартты- тұрақты болып бөлінеді.
Өзгермелі шыгындар өндіріс көлеміне байланысты пропорционалды түрде өсіп немесе кеміп отырады. Бүған шикізат пен материалдардың, технологиялық мақсаттағы отын мен энергияның қүны, өндірістік жүмысшылардың кесімді жалақысы жатады. Егер қандай да бір себегшен өнім шыгару уақытша тоқтап қалса, онда осы уақытта өзгермелі шығындар да болмайды.
Шартты-тұрақты шығындар өзгермелі шығындарға караганда өндіріс көлемінен тіпті тэуелсіз. Бұл - басқару шығындары, ғимаратгар мен үй-жайды жылыту және жарықтандырумен байланысты шығындар, жалға беру ақысы және т.б. Шартты - тұрақты шығындар өнім өндіру тоқтап қалса да, кәсіпорынның банкроттыққа үшырап жэне оның ресми жабылуы жарияланганға дейін орын алады.