Тұтыну тауарлары рыногын сегменттеуде мынандай негіздер алынады: география, демография, психография,
тұтынушылардың құлығына қарай.
География негізінде рынокты сегметтеуде сатып алушыларды мекендеу орнына (қала, аудан, облыс ) немесе климат жағдайына қарай бөледі.
Демография негізіндерынокты сегменттеу прннципі де өте жиі қолданылатындарға жатады. Оның сипаттамаларының оңай қолға түсуімен, сұраныспен тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді. Бұл сегменттеудің негіздері мына көрсеткіштермен айқындалады:
♦ жынысына қарап тұтынушыларды бөлу (ерлер және әйелдер);
♦ жасына қарай
♦ біліміне қарай (бастауыш, орта, жоғары білімі барлар);
отбасы адам санына қарай (2 басты, 3-4 басты, 5 басты, 5 басты баладан астам);
♦ табыстың деңгейіне қарай (төмен, орташа, жоғары);
♦ отбасы өмір кезеңіне қарай (жаңадан отау тіккендер, балалары кәмелетке толмағандар, т.б.).