Слайд 12
![1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан,](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1417385/slide-11.jpg)
1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан,
май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады.
2. Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерімен байланыссыз. Мысалы, 100 г нанды пісіруге жұмсалған еңбек пен 100 пар аяқ киімді тігуге жұмсалған еңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың пайдалылығы бір-бірінен кем емес.
3. Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгінде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.