АВТОТРАНСФОРМАТОРЛАР
БІРҚАТАР ТРАНСФОРМАТОРЛАРДА ЕКІНШІ РЕТТІК ОРАМА ҚЫЗМЕТІН БІРІНШІ РЕТТІК ОРАМАНЫҢ БІР БӨЛІГІ
АТҚАРАДЫ
«Кернеу төмендеткіш» автотрансформаторда ену кернеуі (электр желісінің кернеуі) бүкіл орамға беріліп, шығу кернеуі (жүктеме) оның бір ғана бөлігінен (шығу көзі мен орамның шеткі бір тарамының аралығында) таратылады; ал «кернеу күшейткіш» автотрансформаторда желі орамның бір бөлігіне және жүктеме қуат орамға тұтас қосылады. Реттеуге келмейтін қарапайым автотрансформаторлар кернеуді 127 В-тан 220 В-қа көбейтуге немесе керісінше, азайтуға пайдаланылады. Оны тоңазытқыш, шаңсорғышқа т. б. қосуға болады. Радиоқабылдағыш пен телевизорды қоректендіру үшін кернеулі сатылап немесе біртіндеп өзгертетін реттеуіші бар анағұрлым күрделі автотрансформаторлар қолданылады