3. Климаты
Ауылымыздың климаты қоңыржай континентті болып келеді. Қыста қар көп
жауады, сондықтан көктемде жер өте ылғалды болып келеді. Қыс аязды және боранды күндер жиі болады. Аязды күндердің температурасы -39, -42С дейін көтеріледі.
Көктемде қар еріп, жағбыр жиі жауады, пйналамыздағы табиғат оянады.
Осы ауылымыздың кішкентайлығына қарамастан, жері жайсанғ суы мол болып, жан-жағын жасыл желекті орман қоршаған құтты жер. Топырағы қарашірікке бай, сондықтан болар орманды дала, дала өсімдіктері түрі басым. Жердің көп бөлігін егістік алып жатыр, бірақ сонымен қатар керемет сұлу «Қараүңгір» атты мол керемет бейнесімен көз тартады.
4. Көлдері
Аулымыздың солтүстік-батысында Қараүңгір көлі орналасқан. Көл шипалық қасиеттерге бай, түрлі ауруларғаем. Айналасында жасыл өсімдіктерге кең таралған, жануарлардың да кейбір түрлері кездеседі. Көл ағысыз, тұзды. Пайда болу жағынан тектонткалық көлге жатады. Көлде қоға, қамыс, жасыл балдырлар өсімдік бірлестіктері кездеседі. Көлдің саз-балшығын емдік қасиетке қолдануға болады. Қараүңгір көлінің батысы далалы болып келеді. Даланың өізне тән айрықша белгіллері-орманы жоқ, жері жазық, топрағы қарашірікке бай, топырақты болады.
BACK