Этнографиялық өлкетану

Содержание

Слайд 2

№181 қазақ орта мектебі Тақырыбы: Туған өлкенің өсімдіктері. Секциясы: “Этнографиялық өлкетану»

№181 қазақ орта мектебі
Тақырыбы: Туған өлкенің өсімдіктері.
Секциясы: “Этнографиялық

өлкетану»
Орындаушы: № 181 қазақ орта
мектебінің 4-сынып
оқушысы.
Аты-жөні: Жақсылықов Қанат
Облысы: Қызылорда
Ауданы: Шиелі
Жетекшісі: Мұсабаева Жанат
бастауыш сынып
мұғалімі
Слайд 3

Мақсаты: Әрдайым ел сенімін ақтап келген, Халқына қызмет етсе, бақ деп

Мақсаты:
Әрдайым ел сенімін ақтап келген,
Халқына қызмет етсе, бақ деп білген.
Осылар

жақсартам деп ел жағдайын,
Бұл күнде тізгін ұстап таққа мінген.- деп ақындар
жырлағандай
Алмалы ауылының кешегісі мен бүгінгісін
егжей-тегжейлі зерттеп,
ауыл тарихын көрсету.
Слайд 4

Міндеттері: Сыр бойындағы алғашқы жеміс өсіруші ауылға географиялық талдау 2. Тұқымдық

Міндеттері:
Сыр бойындағы алғашқы жеміс өсіруші ауылға
географиялық талдау
2. Тұқымдық көшеттер

дайындау әдісі үйрену
3. Ауылдың көркеюімен танысу
4. Іскер басшы – ел үмітін ақтады.
5. Жеміс-жидектің «Шағын қалашық» аталуы
неден?
6. Бөліске салынған ауыл
7. Тамаша – «Ауыл» тұрғыны болсам...
Слайд 5

Мазмұны: І Кіріспе бөлім. Халықтар көшіп келе бастады. ІІ Негізгі бөлім:

Мазмұны:
І Кіріспе бөлім.
Халықтар көшіп келе бастады.
ІІ Негізгі бөлім:
Алмалы ауылының

тарихы
А) Ауылға «Питомник» деген ат берілді
Ә) Шымкенттен келген басшы – Қазым
Б) Халық тұрмыстары жақсарды
В) Механизаторлар даярлайтын курс- кәсіпке сауаттылық
бастамасы
Г) Қайран, талан –таражға түскен «Жеміс – жидек»
ІІІ Қорытынды бөлім
Қиялымдағы болашақ – «Алмалы»
Слайд 6

Аннотация Жақсылықов Қанат 4 -сынып оқушысы Ғылыми жұмысты алғашқы жыл қолға

Аннотация
Жақсылықов Қанат 4 -сынып оқушысы Ғылыми жұмысты алғашқы жыл қолға

алып отыр. «Этнографиялық өлкетану» бағытындағы «Алмалы ауылының тарихы» тақырыбында зерттеу жұмысын жазды. Жергілікті алмалы ауылының табиғатын, ауа райын, халқын, басшылардың еңбектерін сараптай отырып , іздестіру жұмыстарын жүргізген.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Алмалы ауылының өткені
Бұрынғы басшылардың қызметі
Ауылдың көркеюі
Алмалыда өсетін өсімдіктер
Ауылы Алмалының бүгінін сарапқа салған
Оқушы мол ізденіс көзін тапқан. Зерттеудің жаңалығымен дербестік нәтижесі :
Бұрынғы басшылардың ауылды көркейтуі, іс-әрекеттері, ауыл суреті, қазіргі кейпімен салыстыру арқылы көрсеткен, өз арманын қоса білген.
Жұмыстың орындалу әдістері:
Архив арқылы ауыл тарихымен танысу
Ауыл ақсақалдарымен әңгімелесу
Басшылардың жұмыстарын іздестіру
Ауылдық кеңестің жұмыстарымен танысу.
Ауылдың кешегісі мен бүгінін салыстыру
Өз арманын қосып жазу
Талдау., зерттеу, іздестіру, қорытынды жасаған
№ 181 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Мұсабаева Жанат
Слайд 7

Жер бедерінің геологиялық құрылымы Тұран жазығында орналасқан жаңа кайназой эрасында антропогендік

Жер бедерінің геологиялық құрылымы
Тұран жазығында орналасқан жаңа кайназой эрасында антропогендік

шөгінділерінен түзілген. Олар әр түрлі жолмен
пайда болған. Жер бедерінде құмдар, ара-тұра тақырларда кездеседі. Өсімдіктер өскеннен кейін құмдар бекіген, әйтсе де кей жерлерде сусыма шағыл түзетін құмдар да бар.

Табиғат зонасы, өсімдігі мен жануары.
Ауыл түгелдей шөл зонасында орналасқан. Олардың топырағы мен өсімдік жамылғысыда осыған сәйкес дамыған .Аймақтан сор, сортаңды топырақтар таралған.Оларда эфемерлермен жусан, сораң шөптер өседі.Сонымен қатар жыңғыл, сексеуіл, шеңгел, жиде өседі. Шөл зонаға тән жануарлар түрлерінен сарышұнақ, тышқан, кесіртке, құм тасбақасы, жылан да жиі ұшырасады.

Слайд 8

Климаты Алмалы ауылының климаты құрғақ континентті. Жазы ыстық, қысы суық .Қаңтардың

Климаты
Алмалы ауылының климаты құрғақ континентті. Жазы ыстық,
қысы суық .Қаңтардың

орташа температурасы -10.Қыста бұл
аймаққа арктикалық ауа массасымен Сібірдің суық ауасы жиі
соғады. Көктем мен күз мезгілдері ылғалдырақ келеді. Жалпы
жауын-шашын мөлшері аздау.Жылдық жауын-шашын мөлшері
80-150мм Артезиан суы терең қабатта жатыр.Шөлді аймақта
орналасқандықтанда ауыз суда, жер астынан өндіріледі.

Географиялық орны
Алмалы ауылдық окгругы. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы- ның ауылдық елді мекені. Географилық орны қолайсыз.Алмалы ауылы шығысында Досбол би ауылдық елді мекенімен, оңтүстігінде Шиелі ауданымен шектесіп жатыр.

Слайд 9

Алғашқы мектеп Грек қыздар ауылда Сәрсен апа звеносы Алма терушілер

Алғашқы мектеп

Грек қыздар ауылда

Сәрсен апа звеносы

Алма терушілер

Слайд 10

Бала саны көбейген соң қатар салынған екі үйдің арасын қосып, кластарға

Бала саны көбейген соң қатар салынған екі
үйдің арасын қосып, кластарға

лайықтап, қамыстан соғылған үйді
мектепке берді. Мектеп 8 жылдық болды.
1964 жылы директор болып Құнанқараев Ханзада келді.

1959 жылы алғашқы 4 жылдық бастауыш мектеп ашылды.
Оған басшылық жасауға Әйтпенбетов Құдайберген
ағай, 1960 жылы мұғалім етіп Төленова Үмітай
апайды жіберді.

Слайд 11

Тоқырау заманы ауылға әсерін тигізбей қоймады. Совхоздың барлық мүлкі талан-таражға түсті.

Тоқырау заманы ауылға әсерін тигізбей қоймады.
Совхоздың барлық мүлкі талан-таражға түсті.


Ауыл шетіндегі алма сақтайтын мұздатқышты
талап әкетіп, орны тып-типыл болды.
Мұхиттың әкеліп орнатқан жылы жайдың заттары
да талан-таражға түсіп, тек орны жатыр. Монша да
солай болды. Техника атымен жоқ. Бұрынғы іші техникаға
сыймай тұратын гараж орны да теп-тегіс дала болды.

Монша орны

Бала-бақша орны

Консерві даярлау цехының орны

Слайд 12

Біздің ауылдың бүгінгі келбеті

Біздің ауылдың бүгінгі келбеті

Слайд 13

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. Сыр өңірі тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы:

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Сыр өңірі тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы:

Атамұра, 1998 ж. 288 бет.
Сыр елі: Очергтер. Алматы: Шартарап, 1997 ж. 152 бет.
3. Оқушы анықтамалығы, 1-4 сынып. Алматы: Алматы кітап ЖШС. 2007 ж. 640 бет.
4. Ата Мекен Шиелі өңірінің шежіресі М.Аяпұлы, Н.Қасымұлы. Алматы: “Мұраттас, Қайнар”. 1998 ж.
5.Әр түрлі басылым беттерінен.