Слайд 8
Өткен ғасырдың ортасында-ақ «Күршім», «Шырдаяқ» кеніштерінен алтын шығаратын. Бүгінгі күнге дейін
күміс, қорғасын, молибден, мыс қазбалары қозғалмаған күйінде. «Артель старателей «Алтай» ашық акционерлік қоғамы 2004 жылы 75,2 млн.теңгенің алтынын өндірді, бұл ауданда шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің 32,3 пайызын құрайды. Электр энергиясымен аудан халқын «Шығысэнерготрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің екі филиалы қамтамасыз етеді. Ауданда 4767 телефон байланысының абоненттері тіркелген, оның 4326-ы пәтерлердікі. 1998 жылдан бастап ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруінің құлдырауы тоқтатылды. Табиғат жағдайы бақша және көкөніс өсіруге қолайлы. Ауылшаруашылығының бұл бағытындағы алғышарттарды байқаған Халықаралық Реконструкциялау және Дамыту Банкі Сарыөлең ауылдық округінде суармалы жүйе құруға 11миллион доллар бөлді. 2003 жылы бұл жоба толығымен аяқталды. Бетегелі алқаптар мен субальпілік шабындықтар, тау қорлары мал басының барлық түрлерінің тұрақты түрде көбеюіне, қазақи қой өсіруге өте қолайлы. Жыл өте ет, сүт, жүн өндірісі өсуде. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы ірі қара мал басы, қой мен ешкі 0,1 пайызға, жылқы 2,6 пайызға, құс 6 пайызға көбейді. 2004 жылы 12833,4 тонна тірі салмақтағы ет, 53961,5 тонна сүт, 4935 мың дана жұмыртқа және 281 тонна жүн өндірілді. Облыстағы жалғыз балық шаруашылығы Бұқтырма су қоймасына жыл сайын 10 миллион карп-сазан құртшабақтарын шығарады.