Содержание

Слайд 2

Халқы -16 млн. 729 мың (2001). Негізінен сириялық арабтар, олардан басқа

Халқы -16 млн. 729 мың (2001). Негізінен сириялық арабтар, олардан басқа күрдтер, 
армяндар, түрікмендер,шеркестер, сығандар тұрады.

Сириялықтар, сириялық арабтар —
Сирияның негізгі халқы. Саны 6,4 млн. жуық. Сондай-ақ 200 мыңнан астам Сириялықтар
басқа елдерде (негізінен Оңтүстік Америкада) тұрады.
Слайд 3

СИРИЯ ЕЛІНІҢ ЕҢ АТАҚТЫ 3 ТҰЛҒАСЫ

СИРИЯ ЕЛІНІҢ ЕҢ АТАҚТЫ
3 ТҰЛҒАСЫ

Слайд 4

Әл-Фараби (870-950) Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Фараби – орта ғасырдағы ұлы

Әл-Фараби (870-950)

Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Фараби –
орта ғасырдағы ұлы ойшылдардың

бірі.
Ол Отырар қаласының маңындағы Уасиди қамалында,
Қыпшақ отбасында дүниеге келген

Отырарда туылып, білім іздеп араб жазирасына сапар
шегеді. Сол жерден топырақ бұйырған. Мазары
Сириядағы белгілі адамдар жерленетін- Баб ас-Сағир
зиратында

Шығыстың ұлы ойшылдары Ибн Сина (Авиценна),
Бируни, Омар Хаям, Жами әл-Фарабиді өздерінің ұстазы
әрі тәлімгерлері санаған.

Әл-Фараби сондай-ақ математика, геометрия,
астрономия, физика, география, медицина, ғылыми
философиялық еңбектерді де көп жазған, Эвклид пен
Птолемейдің, Аристотельдің, Платонның және басқа
ежелгі ойшылдардың еңбектеріне терең түсініктеме,
талдау жасап, «Екінші ұстаз» деген құрметті атты
иеленді.

Слайд 5

МҰХАММЕД САИД РАМАЗАН ӘЛ-БУТЫЙ (1929 – 2013) Ислам қайраткері, профессор, доктор

МҰХАММЕД САИД РАМАЗАН ӘЛ-БУТЫЙ (1929 – 2013)

Ислам қайраткері, профессор, доктор

Мұхаммед Саид Рамазан әл-Бути 1929 жылы
Түркияда Сирия мен Ирак мемлекеттеріне шекаралас жатқан Ширнак облысы, Жизре
ауданы, Бутан ауылында дүниеге келген. Ұлты – күрд

Көптеген ғылым орталықтарына мүше болды.  Атап айтсақ, Иорданияның астанасы
Аммандағы Ислам мәдениетін зерттеу орталығының, Америкадағы «Оксворд» білім
ордасында құрылған «жоғарғы академия мәжілісінің», Абу Дабидағы «Жоғарғы шариғат
кеңесінің» мүшесі, Сирия елінің Ислам ғалымдары бірлігінің төрағасы болды.

Шариғат ғылымына қатысты еңбектерімен қоса жан тәрбиесі, суфизм, философия,
социология және мәдениеттануға қатысты да жазған қырықтан астам еңбектері бар.

Ол: «Агрессиялық жолмен, қару қолданып билікті
ауыстырам деу дұрыс емес. Өйткені, бұл бейбіт
халықтың қанға боялуына алып келіп, қоғамның
құтын қашырады», ­­­­– дей отырып бүгінде елде
болып жатқанда шиеліністерді сыңға алып, халықты
бейбітшілікке шақырды.

Слайд 6

Башар әл-Асад Башар Хафиз әл-Асад 11 қыркүйе 1965 жылы Дамаскіде туған.

Башар әл-Асад

Башар Хафиз әл-Асад 11 қыркүйе 1965
жылы Дамаскіде туған. Сирияның —
16-шы президенті. 17 шілде 2000 жылы 
таққа отырды.. 2007 жылы қайта

сайланды.АҚШ билігі оны антиамерика-
лық көзқарастары үшін және терроризм
мен Саддам Хусейннің тәртібін қолдады
деп айыптады, ал Ресей Башар билігін
қолдайды. Қалай десек те, қантөгіс,
соғыс болып жатқанына қарамастан Сирия
халқының 88% -дан астамы дауыс беріп,
2014 жылы Башар әл-Асадты президент
Етіп сайлады.
Слайд 7

Тілі. Сириялықтар араб халқына жататындықтан араб тілінің сириялық диалектісінде сөйлейді.Ресми тілі

Тілі. Сириялықтар араб халқына жататындықтан араб тілінің сириялық диалектісінде
сөйлейді.Ресми тілі — араб

тілі
Елдің солтүстігінде күрд тілі қолданылады. Сонымен бірге Армян тілі
Шет тілдерінің қатарында — Орыс тілі, Француз тілі және Ағылшын тілі қолданылады

Діні. Тұрғындарының 90%-ы мұсылмандар, қалғандары христиандар (православтар,
католиктер, марониттер, т.б.) Мұсылмандардың 87 % — сунниттер, қалған 13 % — әләуилер
 және исмаилиттер, сонымен бірге шииттер де бар. 633 жылдан бастап Араб халифатының
құрамына енеді. Содан бастап сириялықтар ислам дініне көшеді.

Маңызды тарихи оқиғалар:
1.1943 ж. желтоқсанда Сирия тәуелсіздігін алды.
2. 1980 — 90 ж. Таяу Шығыстағы араб мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнатты.

Слайд 8

СИРИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫ МӘДЕНИ ОШАҚТАРЫ

СИРИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫ
МӘДЕНИ ОШАҚТАРЫ

Слайд 9

Омейядтықтар мешіті дүние жүзіндегі ең ірі құрылыстың бірі болып саналады.Оның ауданы,

Омейядтықтар мешіті дүние жүзіндегі ең ірі құрылыстың бірі болып саналады.Оның
ауданы,

ауласымен қосқанда созылып, қаланың екі қаласын алып жатыр деуге болады.
Ауласын санамағанда, құлшылық жасайтын үлкен залдың өзінің ұзындығы – 136 метр, ал
ені – 37 метр. Мешіт хижраның 41 – 60 жылдары арасында, қазіргі жыл санау бойынша
661 – 680 жылдарда салынған.
Слайд 10

Бейбарыс қамалы. Крак де Шевалье 1110 жылы салынған қамал. Қорғанның ішінде

Бейбарыс қамалы. Крак де Шевалье

1110 жылы салынған қамал. Қорғанның ішінде әскер

бөлмелері, басшының орны, қарауыл
орны, азық сақтайтын жер т.б бөмімдер бар.Кезінде осы қамалды християн кресшілері
басып алып, өздерінің бекінісіне айналдырған. Бұл жерден шабуыл жасап сириялықтарға
маза бермеген. Француз кресшілері қорғанның атын Шевалье деген ұлықтарының атына
Аударып, Крак де Шевалье, яғни Шевалье қорғаны деп атаған. Атақты сұлтан Салахаддин
бұл қорғанды ала алмаған көрінеді. Шамасы алпыс жылдан соң қамалды біздің елден құл
боп барып сұлтан, яғни билеуші дәрежесіне көтерілген Сұлтан Бейбарыс аз-Захир босатқан.
Осыған байланысты оны жергілікті халық Бейбарыс қамалы деп атайды.
Слайд 11

Егер дәл бүгінгі жағдайда Сирия еліне баруға мүмкідік туса, мен бармас

Егер дәл бүгінгі жағдайда Сирия еліне баруға мүмкідік туса, мен бармас

едім едім.
Себебі, әбден соғыстан титықтаған мемлекет шет елдің адамы түгіл өз елінің адамын
да жарыта алмай тұр. Ал егер Сирияда бейбіт заман орнап тұрған болса(әумин) мен өзім-
мен бірге ол елге Әл-Фараби, Бейбарыс, Абай, Бауыржан сынды әлемдік тұлғалардың сурет-
терімен қоса олар жайлы мәлімет апарар едім. Және гидтен(путеводитель) жоғарыда атал-
ған тұлғалардың біздің жердің тумасы екендігін сириялықтарға айтуын сұрар едім. Және
ол кісілердің қысқа да нұсқа айтылған қанатты сөздерімен сириялықтарды таныстырар едім.
Слайд 12

Егер Сириядан өз еліме естелік заттар алып келу мүмкіндігі туса, ең

Егер Сириядан өз еліме естелік заттар алып келу мүмкіндігі туса, ең

алдымен, Рамазан
Әл- Бутыйдың кітаптарын алып келер едім. Егер одан бөлек тағы мүмкіндік туып жатса,
тағы да араб халқының құнды кітаптарын алып келер едім. Өзім оқи алмасам да біздің елде
қазір араб тілінен қазақшаға аударатындар баршылық. Егер мүмкіндік туып жатса,
Омейядтықтар мешітіне, Бейбарыс қамалына және әл-Фараби жерленген Баб ас-Сағирға ба-
рып, әбден тамашалап, естелікке сельфи жасап қайтар едім))).
Слайд 13

Сириялықтар мен қазақ халқының ұқсастықтары: Руға бөлінуі Халқының басым көпшілігі ислам

Сириялықтар мен қазақ халқының ұқсастықтары:

Руға бөлінуі
Халқының басым көпшілігі ислам дінін

ұстанатындығы

Сирилықтар мен қазақ халқының айырмашылықтары:

Қазақ халқы 18 ғасыр мен 1991 жылға дейін тек Ресейдің боданы болды,ал сириялық-
тар төр халықтың(араб, түрік, француз, ағылшын) боданы болған.
Қазақтарда 8-наурызды әйелдер күні мейрамы болса, сириялықтарда бұл күн Баастың
мемлекет басына келуі мейрамы.
Біздің халық ислам дінін ұстанғанымен әйел затының киім киісі көп жағдайда ислам
талаптарына сай келе бермейді, ал керісінше, сирия халқының мұсылан әйелдері көп
жағдайда ислам талапарына сай киінеді

Слайд 14

Мен осы профайлингті жасауға шамамен 5 сағат сарп еттім. Ең атақты

Мен осы профайлингті жасауға шамамен 5 сағат сарп еттім.
Ең атақты

3 тұлғасын іздеуге көп уақытым кетті.
Ал қалған жерлерін жасау аса қиынға соқпады.
Мәліметтер мен мен суреттерді әртүрлі ғаламтор сайттарынан іздеп таптым және
біраз мәліметті Ақжан Машановтың “әл-Фараби және Абай” деген кітабынан алдым.

Осы профайлингті жасау барысында Сирия мемлекеті жайлы осы уақытқа дейін
білмей келген мәліметтерге қанық болдым!!!