Темір ауданы

Содержание

Слайд 2

Темір ауданы – Ақтөбе облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. Жер аумағы

Темір ауданы – Ақтөбе облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. Жер аумағы

12,6 мың км². Орталығы – Шұбарқұдық кенті. Аудандағы 29 елді мекен 1 қалалық, 2 кенттік және 7 ауылдық округке біріктірілген
Слайд 3

Темір ауданы Мұғалжар, Байғанин, Ойыл, Қобда аудандарымен шектеседі. Аудан Ақтөбе облысының

Темір ауданы Мұғалжар, Байғанин, Ойыл, Қобда аудандарымен шектеседі. Аудан Ақтөбе облысының

батысында орналасқан. Аудан орталығы Шұбарқұдық кенттік округі. Аудан Мұғалжар тауының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ең биік жері 355 м (Бадамша ауылының тұсында). Оңтүстік-батысы сай-жыралармен тілімделген жазық болып келеді.
Слайд 4

Тарихы Ауданның іргесі 1869 жылы құрамында 17 болысы бар уезд орталығы

Тарихы

Ауданның іргесі 1869 жылы құрамында 17 болысы бар уезд орталығы болып

қаланған. Ол қазіргі Мұғалжар , Темір, Ойыл, Байғанин аудандарының, Қобда ауданының оңтүстігін қамтыған. 1921 жылы 27 болыс болды және Ақтөбе губерниясындағы аудан орталығы, 1923 жылы Ақтөбе губерниясының іріленуіне байланысты Темір уезі (14 болыс) аталған. 1928 жылы уез таратылып, 1930 жылы ауданға айналды. 1935 жылы одан Жұрын ауданы бөлініп шықты. Қазіргі Темір ауданы 1972 жылы құрылған.
Слайд 5

Пайдалы қазбалары Жер қойнауынан мұнай, тас темір, құрылыс материалдары барланған. 1967

Пайдалы қазбалары

Жер қойнауынан мұнай, тас темір, құрылыс материалдары барланған. 1967 жылы

алғаш рет Жаңажол мұнайгаз конденсатты кенорнынан табылып, 3000 м тереңдіктен алғаш рет жоғары дебитті мұнай ағымы алынды. Бұл кен орны 1983 жылдан бері игерілуде.
Слайд 6

Климаты Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Ауаның орташа

Климаты

Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Ауаның орташа жылдық

температурасы қаңтар айында –15 – 17ӘC, шілдеде 22 – 24ӘС. Аудан жерімен Ойыл, Темір, Шилі, Құмды, Бабатай, Шағырлықұмды, т.б. өзендер ағып өтеді.

Ойыл өзені

Слайд 7

Климаты Жер қыртысында негізінен қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр және сортаңды сұр

Климаты

Жер қыртысында негізінен қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр және сортаңды сұр

топырақ басым. Оларда боз, бетеге, жусан, изен, сұлыбас, қамыс, құрақ өседі.
Слайд 8

Аңдардан қасқыр, қарсақ, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, ондатр, сарышұнақ, аламан тышқаны кездеседі.

Аңдардан

қасқыр, қарсақ, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, ондатр, сарышұнақ, аламан тышқаны кездеседі.

Слайд 9

Халқы Аудан тұрғынының басым бөлігін қазақтар құрайды (97,0%). Одан басқа орыс,

Халқы

Аудан тұрғынының басым бөлігін қазақтар құрайды (97,0%). Одан басқа орыс, украин,

татар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Аудан аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. Тұрғын халықтың басым бөлігі автомобиль және темір жол және ірі өзен бойларында, мұнай өндіретін өңірлерде біршама тығыз қоныстанған. Халықтың 1 км²-ге шыққандағы тығыздығы 3,0 адамға жуықаласы Ірі елді мекендері: Шұбарқұдық, Кеңқияқ, Шұбарши кенттері, Темір қаласы , Шұбарқұдық кәсіпшілігі , Алтықарасу, Қопа, Сарыкөл (Ақтөбе облысы) , Тасқопа.