Төменгі карбон қышқылдары – өткір иісі бар сұйықтықтар, суда жақсы ериді.
Молекулярлы салмағы артқан сайын суда ерігіш қасиеті және тығыздығы азаяды, ал қайнау температурасы артады.
Жоғары қышқылдар (пеларгон қышқылынан бастап (н-нонан қышқылы) СН3-(СН2)7-СООН, — қатты заттар, иісі жоқ, суда ерімейді.
Төменгі карбон қышқылдары сузыз және концентрлі ерітінді күйінде теріге әсер етеді, күйдіреді, әсіресе құмырсқа және сірке қышқылдары.
Физикалық қасиеттеріне сутектік байланыс түзу қабілеті әсер етеді.
Қышқылдар спирттермен салыстырғанда, мықты сутектік байланыстар түзеді.
Функционалды топ –полярланған.
Сонымен қатар, карбон қышқылдары карбонилды дипольмен де сутектік байланыс түзе алады.
Карбонилды қосылыстар сұйық және қатты күйлерінде циклдық димерлер күйінде болады.
Физикалық қасиеттері