Тұндыру индикаторлары
Тұндыру индикаторлары титрантпен түстi тұнба түзедi, осы уақытта титрлеудi
тоқтатады. Мұнда екi талап орындалады
а) В титрантының индикатормен Ind- тұнбасы, титранттың (В) анықталатын затпен (А) тұнбасына қарағанда жақсы еритiн болу керек, яғни
ЕВInd >ЕАВ
егер: А+В→АВ
НInd→ H++Ind-
б) Индикатормен тұнба секiрме мәнi аралығында түзiлуi керек. Егер бiрiншi талап орындалмаса, онда титрант индикатормен түстi қосылысты титрлеудiң бастапқы уақытында түзедi де, индикатор жарамсыз болады. Егер екiншi талап орындалмаса, қателiктер жоғарылап кетедi, себебi э/н анықтау титранттың өте көп мөлшерiн артық қосып, секiрме мәнi аралығынан шығып кеткен моментке тура келедi.