Тиристор (грек thyra – есік, кіру және ағылш resіstor – кедергі)
– көп қабатты құрылымды шалаөткізгіштің монокристалды негізінде жасалған шалаөткізгіштік аспап; үш немесе одан да көп электрон-кемтіктік ауысуы бар р-п-р-п типті аспап. Тиристор электрлік вентильдің қасиеттеріне ие. Тиристордың әдетте үш шықпасы, оның екеуі (А анод пен К катод) монокристалдың шеткі облыстарымен түйіседі. Мұндай басқарылатын тиристорды триодтық тиристор немесе тринистор деп, ал тек екі шықпасы бар басқарылмайтын тиристорды диодтық тиристор немесе динистор деп атайды.
Тиристор