Содержание

Слайд 2

UNIX – “AT&T Bell Labs” ғылыми зерттеу орталығында Кен Томпсон және

UNIX – “AT&T Bell Labs” ғылыми зерттеу орталығында Кен Томпсон және

Деннис Ричи құрастырған операциялық бағдарлама. Өз бастамасын 1969 жылдан бері алған.

Unix лицензиалауын тегін бастағаннан кейін, операциялық жүйе академиялық топтарда және бизнесте кең ауқымда қолданыла бастады.
Дегенмен 1984 жылы “Bell Labs” қолдану құқықтарын сата бастады.

Слайд 3

UNIX ең басынан басқа архитектураларға порттауға жеткілікті ыңғайлы, шартты ашық жүйе

UNIX ең басынан басқа архитектураларға порттауға жеткілікті ыңғайлы, шартты ашық жүйе

болды. Сондықтан Unix-ң əр түрлі тармақтары (нұсқалары) пайда болды. Мұндай бірінші тармақ (fork) 1977 жылы Берклев дистрибутиві (BSD) болды. Солай бола тұра, UNIX лицензиясы жүйені шексіз өзгерту жəне түрлендіру мүмкіндіктеріне жол бермеді, көптеген заңды шиеленістер сонымен байланысты болды. Ақыр соңында, қазіргі сəтте Unix-ң бірнеше жабық коммерциялық нұсқалары, бірнеше ашық нұсқалары, сонымен қатар, жаңадан құрылған Unix тектес бірқатар жүйелер болды (ең алдымен, GNU/Linux).
Слайд 4

UNIX ОЖ келесідей негізгі сипаттамалары бар: төзімділігі; виртуалды жадтағы оқшауланған мекенжай

UNIX ОЖ келесідей негізгі сипаттамалары бар:
төзімділігі;
виртуалды жадтағы оқшауланған мекенжай

кеңістіктерінде жұмыс істейтін үдерістердің негізіндегі ығыстырушы көп мəселелік;
көптеген пайдаланушылардың бірмезгілдегі жұмысын қолдау;
асинхронды үдерістерді қолдау;
иерархиялық файлдық жүйе;
(арнайы құрылғылар файлдары арқылы) енгізу-шығару операциялары құрылғыларынан тəуелсіз қолдау;
Бағдарламаларға (бағдарламалық каналдары, IPC) жəне пайдаланушыларға (ОЖ ядросына кірмейтін командалық түсіндіргіш) арналған стандартты интерфейсі;
Жүйені пайдаланылуын есептеудің орнатылған құралдары.
Слайд 5

UNIX жүйесінің 4 негізгі құрамдасы бар: ядpo - операциялық жүйе ядросын

UNIX жүйесінің 4 негізгі құрамдасы бар:
ядpo - операциялық жүйе ядросын

қалыптастыратын бағдарлама; ол компьютердің (жүйелік ресурстардың орналастырылуы секілді) ішкі қызметтерін үйлестіреді. Ядро сіз үшін көрінбей жұмыс істейді;
shell – бұл сіздің командаларыңызды түсіндіріп, жəне орындай отырып, сіздер мен ядроның арасындағы байланысты іске асыратын бағдарлама. Себебі, ол сіздің енгізуіңізді санап, сізге хабарлама жібереді, жəне бұл интербелсенді ретінде сипатталады.
commands – компьютердің орындауға тиісті бағдарламаларының атаулары. Бағдарламалар қаптамасы аспаптық құралдар деп аталады. UNIX жүйесі мəтіннің құрылуы жəне өзгертілуі, бағдарламалардың жазылуы, бағдарламалық қамтамасыздандыру құрал-жабдықтарының дамуы, компьютердің көмегімен басқаларымен ақпаратпен алмасу секілді мұндай тапсырамалар үшін аспаптық құралдармен қамтамасыз етеді;
file system – фaйлдық жүйе – бұл сіздің компьютеріңіз үшін мүмкін болатын барлық файлдар жиынтығы. Ол сізге ақпаратты оңай сақтап, іздеуге көмектеседі.
Слайд 6

UNIX ОЖ архитектурасы – көп деңгейлі. Төменгі деңгейде, тікелей қондырғының үстінде

UNIX ОЖ архитектурасы – көп деңгейлі. Төменгі деңгейде, тікелей қондырғының үстінде

операциялық жүйенің ядросы жұмыс істейді. Ядро қызметтері екінші деңгейді қалыптастыратын жүйелік шақырулар интерфейсі арқылы қолжетімді болады. Келесі деңгейде командалық түсіндірушілер, жүйелік басқару командалары мен утилиттері, коммуникациялық драйверлер жəне хаттамалар – əдетте жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыруға жатқызатынның барлығы жұмыс істейді. Ақырында, сыртқы деңгейі пайдаланушының қолданбалы бағдарламаларын, желілік жəне басқа да коммуникациялық қызметтерді, ДББЖ жəне утилиттерді қалыптастырады.
Слайд 7

UNIX ядросының (монолиттік немесе модульдік бола алатын) негізгі қызметтеріне мыналар кіреді:

UNIX ядросының (монолиттік немесе модульдік бола алатын) негізгі қызметтеріне мыналар кіреді:


үдерістерді жоспарлау жəне қайта қосу;
жадты басқару;
кідірістерді өңдеу;
құрылғыларды төмен деңгейде қолдау (драйверлер арқылы);
дисктерді басқару жəне деректерді буферлеу;
үдерістердің синхронизациясы жəне үдеріс аралық өзара байланыс құралдарын қамтамасыз ету (IPC).
Слайд 8

Жүйелік шақыру қамтамасыз етеді: пайдаланушылардың іс-əрекеттерінің құрылғылар драйверлерінің сұраныстарымен салыстырылуы; үдерістер

Жүйелік шақыру қамтамасыз етеді:
пайдаланушылардың іс-əрекеттерінің құрылғылар драйверлерінің сұраныстарымен салыстырылуы;
үдерістер

жасау жəне оларды тоқтату;
енгізу-шығару операцияларын іске асыру;
файлдар мен дисктерге қолжетімділік;
терминал қызметтерін қолдау.
Слайд 9

Жүйелік шақырулар пайдаланушы тəртібінде жұмыс істейтін үдерісті ядро тəртібінде жұмыс істейтін

Жүйелік шақырулар пайдаланушы тəртібінде жұмыс істейтін үдерісті ядро тəртібінде жұмыс істейтін

үдеріске түрлендіреді. Бұл үдеріске жүйелік 17 қызметтерді орындауға арналған ядроның қорғалған процедураларын шақыруға мүмкіндік береді. Жүйелік шақырулан ядро процедураларына қолжетімді болу үшін бағдарламалық интерфейсті қамтамасыз етеді. Олар жады, дисктердегі кеңістік жəне перифериялық құрылғылар секілді жүйелік ресурстарды басқарады. Жүйелік шақырулар орындалу уақытының кітапханасы түрінде рəсімделді. Көптеген жүйелік шақырулар командалық түсіндіруші арқылы қолжетімді болады.
Пайдаланушылық үдеріс жүйелік шақыру арқылы ядроның кодын жасай бастаған кезде ядро тəртібінде жұмыс істейді.
Слайд 10

Ядро кеңістігі мен пайдаланушылық кеңістік арасындағы деректермен алмасу. Пайдаланушылық үдерістер мен

Ядро кеңістігі мен пайдаланушылық кеңістік арасындағы деректермен алмасу. Пайдаланушылық үдерістер мен

ядроның жадтың жалпы мекенжай кеңістігі жоқ, олардың арасындағы деректерді жіберу механизмі қажет. Жүйелік шақыруды орындау кезінде, шақыру дəлелі мен ядро процедурасының тиісті сəйкестендірушісі пайдаланушылық кеңістіктен ядро кеңістігіне беріледі. Ядро процедурасының сəйкестендірушісі процессордың аппараттық регистрі арқылы немесе стек арқылы жіберіледі. Жүйелік шақыру дəлелі шақырушы үдерістің пайдаланушылық аймағы арқылы жіберіледі.
Слайд 11

Үдерістің пайдаланушылық саласына ядроға қажетті ақпарат кіреді: түбірлі жəне ағымдағы каталогтар,

Үдерістің пайдаланушылық саласына ядроға қажетті ақпарат кіреді:
түбірлі жəне ағымдағы каталогтар,

ағымдағы жүйелік шақыру аргументтері, мəтін сегментінің, үдеріске арналған деректер мен стектың өлшемдері;
жоспарлаушыға қажетті ақпараты бар үдерістер кестесіндегі жазбаны нұсқағыш, мысалы, артықшылығы;
ашық файлдар туралы ақпараты бар пайдаланушылық үдерістің файлдарының дескрипторларының кестесі;
үдеріске арналған ядроның стегы (үдеріс пайдаланушы тəртібінде жұмыс істесе бос болады). Пайдаланушылық үдерісі ядроның кеңістігінде болмайды, бірақ ядро үдерістің кеңістігінде бола алады.
Слайд 12

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру. UNIX ОЖ файлдың жүйелерді басқару, қайта кескіндеу жəне

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру. UNIX ОЖ файлдың жүйелерді басқару, қайта кескіндеу жəне

қолдау есептерін шешуге арналған стандартты жүйелік бағдарламалар қатарын қамтамасыз етеді, атап айтқанда:
жүйе кескіндемесінің параметрлерін баптау үшін;
ядроларды (қажет болса) қайта тұтастыру үшін жəне құрылғылардың жаңа драйверлерін қосу үшін;
пайдаланушылардың есептік жазбаларын құру жəне жою үшін;
физикалық файлдық жүйелерді құрып, жалғау үшін;
файлдарға деген қолжетімділікті бақылау параметрлерін орнату үшін.
Слайд 13

Linux OS

Linux OS

Слайд 14

Linux-POSIX стандарттарына сəйкес келетін операциялық жүйенің ядросы. ОЖ - ні əзірлеуді

Linux-POSIX стандарттарына сəйкес келетін операциялық жүйенің ядросы. ОЖ - ні əзірлеуді

1991 жылы финдік студент Линус Торвальдспен бастады.

POSIX ( Portable Operating System Interface for Unix-Unix операциялық жүйелердің тасымалданатын интерфейсі) - операциялық жүйе мен қолданбалы бағдарлама арасындағы интерфейстерді сипаттайтын стандарттар жиынтығы.

Слайд 15

Негізгі код gcc кейбір кеңейтімдері бар С (Си) жəне ассемблерде жазылған.

Негізгі код gcc кейбір кеңейтімдері бар С (Си) жəне ассемблерде жазылған.

GNU General Public License негізінде еркін таратылады. Linux ядросы көп міндетті атқарушыны, виртуалды жадыны, динамикалық кітапханаларды, кейінге қалдырылған жүктеуді, жадыны басқарудың өндірістік жүйесін жəне көптеген желілік хаттамаларды қолдайды. Бүгінгі күні Linux - жүктелетін модульдерді қолдайтын монолитті ядро. Құрылғылар драйверлері жəне ядроның кеңейтулері əдетте " 0 кольцода" іске қосылады. Қарапайым монолитті ядроларға қарағанда, құрылғылардың драйверлері модульдер түрінде оңай жиналады жəне жүйе жұмысы кезінде жүктеледі немесе түсіріледі.
Слайд 16

Linux-та C, D дискілеріне бөлу жоқ жəне құрылғылармен қарымқатынас жасау процесі

Linux-та C, D дискілеріне бөлу жоқ жəне құрылғылармен қарымқатынас жасау процесі

өте ыңғайлы. Барлық құрылғылар жеке жүйелік файлға ие, барлық дискілер бір файлдық жүйеге жəне жалғыз қосылады. Каталогтың нақты құрылымы кез келген ақпаратты бірден табуға мүмкіндік береді.

Ядроның модульділігі компьютерді қайта жүктеусіз кез келген OЖ сервистерін қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, OЖ ядросының өзін өзгертуге болады, ядроның бастапқы мəтіндері де кез келген дистрибутивте бар.