Қазақстан-фронт арсеналы. Фронт жəне тыл ерліктері

Слайд 2

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАНЫ СОҒЫСҚА БЕЙІМДЕП ҚАЙТА ҚҰРУ. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАНЫ СОҒЫСҚА БЕЙІМДЕП ҚАЙТА ҚҰРУ.

Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс

жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).
Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
Слайд 3

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАНЫ СОҒЫСҚА БЕЙІМДЕП ҚАЙТА ҚҰРУ. 1941 жылдың екінші жартысында республикаға

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАНЫ СОҒЫСҚА БЕЙІМДЕП ҚАЙТА ҚҰРУ.

1941 жылдың екінші жартысында республикаға барлығы 142 кәсіпорын

көшіріліп әкелінді. Тек Алматының өзінде 34 зауыттың, фабрика мен цехтың жабдықтары орналастырылды. Олардың ішінде Луганск паравоз жасау зауытының бір бөлігі, Харьков вагон жөндеу зауыты және басқалар бар. Сондай-ақ жеңіл және 14 тоқыма өнеркәсіп орнының жабдықтары келді. Украинадан әкелінген үш фабрика негізінде Семей аяқ киім фабрикасы құрылды.
Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды.
Республикаға 1,1 млн. астам адам көшіріліп әкелінді. Қазақстан өнеркәсібінде 1940 жылы 158мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255мың жұмысшыға дейін жетті. 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. 
Слайд 4

ҚАЗАҚСТАН-ФРОН АРСЕНАЛЫ. Қазақстан – майдан арсеналы. Соғыстың алғашқы кезеңінде ел өнеркәсібін

ҚАЗАҚСТАН-ФРОН АРСЕНАЛЫ.

Қазақстан – майдан арсеналы. Соғыстың алғашқы кезеңінде ел өнеркәсібін орналастыруда елеулі

өзгерістер болды. (Арсенал – күш, қуат, қару – жарақ қоймасы). 1943 жылы кенші кәсібіне 18 мыңдай адам оқытылып мамандандырылды. Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы іске қосылды.  КСРО Ғылым академиясының комиссиясы Шымкент қорғасын және Балқаш мыс балқыту заводтарын рудамен, Қарағанды көмірімен қамтамасыз ету проблемаларын зерттеді.1943 жылы сәуір айында Жезқазған комбинаты құрылды. 1943 жылы шаруашылық айналымына 775 мың га жаңа жер алқаптары тартылды. Республиканың көптеген аудандары қуаңшылыққа ұшырады. Жұмыс қолы, күш көлігі жетіспеді.Жоғары өнім алудың асқан шеберлері Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Ыбырай Жақаев ерлікпен еңбек етті. Әр гектардан 52 центнерден тары өсірген павлодарлық звено жетекшісі Анна Дацкова бүкіл елге мәлім болды. Жеңіс қорына Жезқазған кеншілері 1945 жылдың алғашқы төрт айы ішінде мыңдаған тонна кен өндіріп, өз үлестерін қосты.
Слайд 5

ҚАЗАҚСТАН-ФРОНТ АРСЕНАЛЫ Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті, төрт жыл ішінде олар

ҚАЗАҚСТАН-ФРОНТ АРСЕНАЛЫ

Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті, төрт жыл ішінде олар 34млн

тонна көмір өндірді, бұл шахтаның бүкіл өмір бойы өндіргенінен 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 пайызға арттырды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.
Слайд 6

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МАЙДАНҒА АТТАНУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАҺАРМАН ЕРЛІКТЕРІ (1941–1945 ЖЖ. Ұлы Отан

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МАЙДАНҒА АТТАНУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАҺАРМАН ЕРЛІКТЕРІ (1941–1945 ЖЖ.

Ұлы Отан соғысының даңқты

тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, Е. Качанов, В. Фурсов т. б. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты. Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волокалам тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді.