Слайд 9
«Аполлон дәрігердің,Асклепийдің, Гигиея менПанакеяның және түрлі тәңірлердің атына атап, оларды куә ете отырып, мына серт
пен жазбаша шартты шама-шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін: өзіме дәрігерлік ілімін үйреткен ұстазымды ата-анаммен бірдей көріп, оған барымды бөліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын табуға көмектесемін; оның ұрпақтарын бауырларым деп есептеймін, егер олар осы ілімді үйренгісі келсе, оларға тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін; оқу үстінде айтар ақылымды, ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған жайлардың бәрін өз балаларыма ұстазымның балалары мен медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттеріме хабарлаймын, басқа жанға тіс жармаймын. Науқастарға зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып, бар шама-шарқыммен оларға пайдасы тиетіндей етіп Өмірде, ілімде де таза әрі адал боламын. Тас ауруларымен сырқаттанғандардың денесін ешқашан кеспеймін, мұны осы іспен айналысатын кісілерге тапсырамын. Қайсы үйге кірсем де науқастың қамын ойлаймын, әдейі қиянат пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдер мен еркектер, азат адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын.
Емдеу кезінде, сондай-ақ, емдемеген кезде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жариялауға болмайтын жайларды көргенімді немесе естігенімді құпия есептеп, жан баласына айтпаймын.
Антты бұлжытпай орындағаным үшін өмірде де, ілімде де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бөленгеймін; жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын.»[3].