Империя Маурьев (б.з.б. V—III ғ .) Орасан зор аумақты жаулап алған, буддизмді
бүкіл Үнді жеріне таратқан және император Ашок тұсында Маурья импрериясы гүлденген. Гупта империясы (санскрит गुप्त, gupta, хинди गुप्त राजवंश) — IV—VI ғасырларды болған Гупта әулетінің бастауымен құрылған Үндістандағы мемлекет. Бұл кезең Үндістанның тарихында ұлттық әдебиетінің, өнердің, сәулет жіне философияның өркендеуінің «алтын ғасыры» ретінде қалған[1].
Буддизм - (санскритше - बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады.