Слайд 6
![Кіріспе Жұмыстың сипаттамасы:Арабтың классикалық әдебиеті өзінің даму барысында туу, қалыптасу, өрлеу,](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/480954/slide-5.jpg)
Кіріспе
Жұмыстың сипаттамасы:Арабтың классикалық әдебиеті өзінің даму барысында туу, қалыптасу, өрлеу,
шарықтау, құлдырау секілді сандаған ғасырлар аралығын қамтитын кезеңдерді бастан кешірді. Византия, Месопотамия, Иран, Индия, Орта Азия, Египед, Испания секілді өрнекті де өнегелі мәдениетімен әлемді таңқалдырған талай халықтардың әдебиетімен қоян-қолтық араласып, игі ықпал етумен бірге, үйренген тұстары да болды. Европа елдері ұйқыдан оянбай жатқан кездің өзінде Бағдат, Басра, Дамаск, Харран, Куфа, Каир сияқты қалаларда Аристотель, Платон, Евклид еңбектері зерттеліп, оларға түсіндірмелер жазылды. Қазіргі ұғымдағы Ғылым академиясы, кітапханалар, обсерватория және көне Шығыс мәдениетінің жазба жәдігерлерін жаңғырту мақсатымен грек, сирия, санкрит, фарси-дари, паһлауи тілдерінде жазылған шығармалары араб тіліне тәржімалауды мұрат еткен аудармашылар коллегиясы құрылды. Өзінің ойлы да мазмұнды шығармаларымен әлемді таңдандырған, ғылым, білімді алға сүйреген әл-Кипди, әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушд секілді тамаша ғалымдар шықты.