Әдеби диалог
- Туылған жылың?
- Махаббат қызық мол жылдар.
- Ол кезде қандай
заман еді?
- Қилы заман
- Мұнда қай жолмен келдің?
- Абай жолы
- Қалай келдің?
- Тар жол тайғақ кешіп
- Жолда кімдерді көрдің?
- Айман мен Шолпан
- Тағы кімді көрдің?
- Қамар сұлу
- Көргенде қандай күйде болдың?
- Аласапыран
- Қандай оқиғаға тап болдың?
- Қараш-қараш оқиғасы
- Көршің кім?
- Бақытсыз Жамал
- Ол басынан қандай күн өткізді?
- Ғасырдан да ұзақ күн
- Сүйіктіңнің есімі кім?
- Ботагөз
-Ол кім?
- Күйші
- Ол қазір не істеп жүр?
- Интернатта оқып жүр
- Алғаш танысқан мезгілің?
- Қоңыр күз еді
- Оңаша қалғанда оған не айтып бересің?
- Қырық мысал
- Үйленген кезіңде не бердің?
- Қалың мал
- Оған хаттарыңды қай кезде жазушы едің?
- Аққулар ұйықтағанда
- Сен қандай азаматсың?
- Оқыған азамат
- Мойныңдағы не?
- Шұғаның белгісі
- Ал мына жеріңді не шаққан?
- Маса
- Өмірлік ұраның?
- Ғылым таппай мақтанба
- Болашақта кім болғың келеді?
- Миллионер
- Мына балаларға не айтасың?
- Кел балалар оқылық
- Танысып қоялық, есімің кім?
- Менің атым Қожа.
Айтжан Құрымғалиев