Ұмытылмас есімдер

Содержание

Слайд 2

Кеңес Одағының Батырлары Ұлы Отан соғысына қатысқан батысқазақстандықтар

Кеңес Одағының Батырлары

Ұлы Отан соғысына қатысқан батысқазақстандықтар

Слайд 3

Абдолов Михаил 1918 жылы Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданының Бітік ауылында

Абдолов Михаил 1918 жылы Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданының Бітік

ауылында туған. Ұрыстағы ерлігі және батырлығы үшін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Абдолов Михаил
Слайд 4

Айтқұлов Сәлім Нығметұлы 1913 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Мұқыр

Айтқұлов Сәлім Нығметұлы 1913 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Мұқыр

кентінде туған. 1975 жылы 24 сәуірде қайтыс болды, Орал қаласында жерленген.

Айтқұлов Сәлім Нығметұлы

Слайд 5

Волков Филипп Григорьевич Орал облысы Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында дүниеге келген.

Волков Филипп Григорьевич Орал облысы Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында дүниеге келген. 1948

жылы қайтыс болды. Батыр жерлесімізді мәңгі есте сақтау мақсатында туған ауылында ескерткіш орнатылған, оның атына көше берілген.
Волков Филипп Григорьевич
Слайд 6

Гринько Иван Устинович И.У.Гринько 1922 жылы Ақтөбе облысы, Жұрын ауданы, Кузнецов

Гринько Иван Устинович И.У.Гринько 1922 жылы Ақтөбе облысы, Жұрын ауданы,

Кузнецов ауылында туған. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1989 жылы Орал қаласында қайтыс болды.
Слайд 7

Грибнев Андрей Феоктистович А.Ф.Грибнев 1912 жылы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданының

Грибнев Андрей Феоктистович А.Ф.Грибнев 1912 жылы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданының Покатиловка

ауылында дүниеге келген. Белоруссия жерінде болған ұрыстарда көрсеткен батырлығы және ержүректігіне үшін дивизия командирі А.Ф.Гребневке 1945 жылы 6 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол 1973 жылы 20 қазанда қайтыс болды, Мариупольде жерленген.
Слайд 8

Доспанова Хиуаз Қайырқызы Хиуаз Доспанова 1922 жылы Орал қаласында туған. Ұлы

Доспанова Хиуаз Қайырқызы Хиуаз Доспанова 1922 жылы Орал қаласында туған. Ұлы Отан соғысы

жылдарында майданда ерлікпен шайқасқан қазақтың ұшқыш қызы. 2004 жылы Х.Доспановаға “Халық қаһарманы” атағы берілді. 2008 жылы мамырда Алматы қаласында дүниеден өтті.
Слайд 9

Жүнісов Мәжит Мәжит Жүнісов 1917 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы,

Жүнісов Мәжит Мәжит Жүнісов 1917 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы, Новая

Казанка ауданында дүниеге келген. 1943 жылы 20 желтоқсанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1945 жылы 9 сәуірде Прага қаласын азат етудегі ұрыс кезінде қаза тапты. Туған жері Новая Казанка ауылында ескерткіш орнатылған.
Слайд 10

Жақсығұлов Садық Шәкенұлы 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының №20

Жақсығұлов Садық Шәкенұлы 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының

№20 ауылында туған. 1944 жылы 22 ақпанда С.Ш.Жақсығұловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Полковник С.Ш.Жақсығұлов 2009 жылы қайтыс болды.


Жақсығұлов Садық Шәкенұлы

Слайд 11

Есқалиев Сүндетқали Есқалиев Сүндетқали 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының

Есқалиев Сүндетқали Есқалиев Сүндетқали 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Константиновка

ауылында туған. Ұрыста көрсеткен ерлігі үшін С. Есқалиевке қайтыс болғаннан кейін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Лудчица деревнясында жерленген. Батырдың туған ауылында бюст орнатылған. Константиновкіде мектепке аты берілген, осында С.Есқалиевтің мұражайы бар.
Слайд 12

Мәметова Мәншүк 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Жасқұс ауылында

Мәметова Мәншүк 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Жасқұс ауылында

дүниеге келген. 1942 жылы Псков облысының Невель қаласын қорғаудағы кескілескен шайқаста қаза болды. 1944 жылдың 1 наурызында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Мәметова Мәншүк

Слайд 13

Масин Темір Жантекеұлы Темір Масин 1907 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда

Масин Темір Жантекеұлы Темір Масин 1907 жылы Батыс Қазақстан облысы,

Орда ауданының Орда ауылында туған. 1945 жылдың 24 наурызында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1947 жылдың 8 тамызында қайтыс болды. Батыр Орал қаласының орталығында жерленген, оның қабірінде ескерткіш орнатылған. Қалада оның атында көше бар.
Слайд 14

Мордасов Иван Андреевич Мордасов Иван Андреевич 1923 жылы Батыс Қазақстан облысы

Мордасов Иван Андреевич Мордасов Иван Андреевич 1923 жылы Батыс Қазақстан облысы

Приурал ауданы, Рожков кентінде туған. Батыр жауынгер 1943 жылы 16 қазанда шайқаста қаза тапты. Қайтыс болғаннан кейін 1943 жылы 30 қазанда Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Гомель облысы, Лоевск ауданы Колпень деревнясында жерленген.
Слайд 15

Нетқалиев Ерденбек Нетқалиұлы Ерденбек Нетқалиев 1914 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек

Нетқалиев Ерденбек Нетқалиұлы Ерденбек Нетқалиев 1914 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы,

Қамысты ауылында туған. 1945 жылы 2 ақпанда қаза тапты. Ратценбург (Германия) қаласында жерленген. Қайтыс болғаннан кейін, 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Слайд 16

Панфилов Дмитрий Иванович Дмитрий Панфилов 1913 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі

Панфилов Дмитрий Иванович Дмитрий Панфилов 1913 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,

Бөрлі ауылында туған. Соғыс кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1985 жылы 10 желтоқсанда қайтыс болды.
Слайд 17

Садомсков Павел Степанович П.С.Садомсков 1932 жылы Батыс Қазақстан облысы, Приурал ауданы,

Садомсков Павел Степанович П.С.Садомсков 1932 жылы Батыс Қазақстан облысы, Приурал ауданы,

Дарьиян ауылында туған. Днепрден соғысып өту кезіндегі көрсеткен батырлығы мен тапқырлығы үшін П.С.Садомсковқа 1943 жылы 17 қазанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Слайд 18

Скоробогатов Анатолий Маркович А.М.Скоробогатов 1906 жылы Батыс Қазақстан облысы, Камен (Тасқала)

Скоробогатов Анатолий Маркович А.М.Скоробогатов 1906 жылы Батыс Қазақстан облысы, Камен (Тасқала) ауданы,

1-Шежін ауылында туған. А.М.Скоробогатовқа қайтыс болғаннан кейін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Выборгте жерленген.
Слайд 19

Орақбаев Есен Шегірейұлы Е.Ш.Орақбаев 1922 жылы батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданы,

Орақбаев Есен Шегірейұлы Е.Ш.Орақбаев 1922 жылы батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданы, Қарағой

ауылында туған.Жауынгерлік тапсырманы ойдағыдай орындағаны және ерлік пен батырлық көрсеткені үшін Е.Ш.Орақбаевқа 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қайтыс болды. Оның аты Красногор ауылындағы көшеге берілген. Ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған.
Слайд 20

Рамаев Гаяз Алиасқарұлы Г.А.Рамаев 1921 жылы Орал қаласында туған. 1943 жылдың

Рамаев Гаяз Алиасқарұлы Г.А.Рамаев 1921 жылы Орал қаласында туған. 1943 жылдың 26

қаңтарында Верхняя Елшанка селосын азат ету кезіндегі шайқаста Г.Рамаев барлаушылар тобымен бірге жаудың бірнеше атыс орнын жояды. Ол осы ұрыста ерлікпен қаза тапты. 1944 жылдың 10 қаңтарында Г.Рамаевқа қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Слайд 21

Тарасенко Василий Федорович В.Ф.Тарасенко 1912 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,

Тарасенко Василий Федорович В.Ф.Тарасенко 1912 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Киров

ауылында туған. Ұрыс кезіндегі батырлығы мен ерлігі үшін В.Ф.Тарасенкоға 1943 жылы 30 қазанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1979 жылы 13 қаңтарда қайтыс болды. Киров ауылындағы орта мектепке батырдың аты берілген.
Слайд 22

Тихоненко Андрей Яковлевич А.Я.Тихоненко 1912 жылдың 12 желтоқсаны күні Батыс Қазақстан

Тихоненко Андрей Яковлевич
А.Я.Тихоненко 1912 жылдың 12 желтоқсаны
күні Батыс Қазақстан облысы, Шаңғырлау
ауданының

Лубенка ауылында шаруа
отбасында дүниеге келген.
1945 жылдың 24 наурызында оған қайтыс
болғаннан кейін Кеңес Одағының батыры
атағы беріледі.
Алитус (Литва) қаласында жерленген.
Слайд 23

Хұсайынов Ахмедияр Дәуленұлы А.Д.Хұсайынов 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы,

Хұсайынов Ахмедияр Дәуленұлы А.Д.Хұсайынов 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Орда

ауылында туған. 1943 жылы 1 қарашада Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1986 жылы 5 мамырда қайтыс болды. Орда ауданындағы орта мектепке және Орал қаласындағы көшелердің біріне А.Хұсайыновтың аты берілген.
Слайд 24

Хитев Борис Никитович Б.Н.Хитев 1909 жылы Орал қаласында туған. Ержүрек командирге

Хитев Борис Никитович Б.Н.Хитев 1909 жылы Орал қаласында туған. Ержүрек командирге

ерлігі мен батырлығы үшін 1943 жылы 17 қазанда Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Б.Н.Хитев Чернигов облысы, Бахмач ауданы, Гайворон ауылында жерленген, осындағы көшеге оның аты берілген.
Слайд 25

Шевцов Георгий Григорьевич Г.Г.Шевцов 1908 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,

Шевцов Георгий Григорьевич Г.Г.Шевцов 1908 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Миргородка

ауылында туған. Жауынгер Жеңіс мерекесіне жете алмады. Ол 1945 жылы 9 қаңтарда Комарно қаласы үшін ұрыста қаза тапты. Хотин (Чехославакия) мекенінде жерленген. Г.Г.Шевцовқа қайтыс болғаннан кейін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Слайд 26

Щурихин Александр Автомонович А.А.Щурихин 1923 жылы Батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданы,

Щурихин Александр Автомонович А.А.Щурихин 1923 жылы Батыс Қазақстан облысы, Чапаев ауданы, Коловертное

кентінде туған. Александр Щурихин Солтүстік Трансильванияда (Румыния) 1944 жылы 12 сәуірде қаза болды. Оған қайтыс болғаннан кейін 1944 жылы 13 қыркүйекте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Фроше-Валка деревнясы жанында жерленген. Орал қаласындағы бір көше Александр Щурихиннің атымен аталады.
Слайд 27

Чурилин Алексей Павлович А.П.Чурилин 1916 жылы Батыс Қазақстан облысы, Камен (Тасқала)

Чурилин Алексей Павлович А.П.Чурилин 1916 жылы Батыс Қазақстан облысы, Камен (Тасқала) ауданы,

Ширявсков селосында туған. А.П.Чурилинге 1945 жылы 18 тамызында Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1982 жылы 23 тамызда қайтыс болды.
Слайд 28

Чуриков Николай Степанович Н.С.Чуриков 1910 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы,

Чуриков Николай Степанович Н.С.Чуриков 1910 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жұмат

ауылында туған. Ол Орал қаласындағы госпитальда жатқан кезінде өзіне 1944 жылы 21 шілдеде Кеңес Одағының Батыры атағы берілгенін естиді. 1997 жылы Орал қаласында қайтыс болды.
Слайд 29

Чумаев Григорий Иванович Г.И. Чумаев 1917 жылы Батыс Қазақстан облысы, Приурал

Чумаев Григорий Иванович Г.И. Чумаев 1917 жылы Батыс Қазақстан облысы, Приурал ауданы,

Кирсанов кентінде туған. Ол 1945 жылы ақпанда қаза тапты. Азат болған Бреславлдің оңтүстік жағына жерленген. Г.И.Чумаевқа қайтыс болғаннан кейін 1945 жылы 10 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Слайд 30

Черненко Николай Власович Н.В.Черненко 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауылында

Черненко Николай Власович Н.В.Черненко 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауылында туған.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Николай Черненкоға 1945 жылы 31 мамырда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Слайд 31

Даңқ орденінің толық иегерлері

Даңқ орденінің толық иегерлері

Слайд 32

Балашов Александр Георгиевич А.Г.Балашов 1925 жылы Орал қаласында туған. Соғыс кезінде

Балашов Александр Георгиевич

А.Г.Балашов 1925 жылы Орал қаласында туған.
Соғыс кезінде көрсеткен

батырлығы мен ерлігі үшін Даңқ орденінің толық дәрежесімен марапатталды.
Александр Георгиевич Балашов 1999 жылы 3 ақпанда қайтыс болды.
Слайд 33

Захаров Владимир Аполлонович В.А.Захаров 1915 жылы туған. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін

Захаров Владимир Аполлонович

В.А.Захаров 1915 жылы туған.
Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Отан
соғысы

және Даңқ ордендерінің
толық 3 дәрежесімен марапатталды.
Владимир Захаров 1990 жылы
2 сәуірде қайтыс болды.
Слайд 34

Имашев Қайырғазы Қ.Имашев 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Құрманкөл

Имашев Қайырғазы

Қ.Имашев 1924 жылы Батыс Қазақстан
облысы, Казталов ауданы, Құрманкөл
ауылында туған.
Соғыста көрсеткен

ерлігі мен батырлығы
үшін ол 3 Даңқ орденінің толық 3 дәрежесімен
марапатталды.
Қайтыс болғаннан кейін батырдың аты Озинки
стансасындағы және Казталов кентіндегі
көшелерге берілді.
Слайд 35

Мұқамбетов Бейсенғали Б. Мұқамбетов 1908 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы,

Мұқамбетов Бейсенғали

Б. Мұқамбетов 1908 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Лубенка

ауылында туған.
Соғыста көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін ол Даңқ орденінің толық 3 дәрежесімен марапатталды.
1966 жылы қайтыс болды.
Слайд 36

Ковалев Алексей Леонтьевич А.Л.Ковалев 1925 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,

Ковалев Алексей Леонтьевич

А.Л.Ковалев 1925 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,

Бөрлі кентінде туған. Соғыста көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін ол Даңқ орденінің толық 3 дәрежесімен марапатталды.
Слайд 37

Шамов Михаил Михайлович М.М.Шамов 1912 жылы Орал облысы, Камен (Тасқала) ауданы,

Шамов Михаил Михайлович


М.М.Шамов 1912 жылы Орал облысы, Камен (Тасқала)

ауданы, Семиглавый Мар ауылында туған. Соғыста көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Даңқ орденінің толық 3 дәрежесімен марапатталды.
М.М.Шамов 1972 жылы қайтыс болды.
Слайд 38

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!