Татьянаның Онегинге жазған хаты

Содержание

Слайд 2

Амал жоқ - қайттім білдірмей, Япырмау, қайтіп айтамын? Қоймады дертің күйдірмей,

Амал жоқ - қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да

тартамын.
Талайсыз, бақсыз мен сорлы
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалар халім бұл хаттан
Слайд 3

Әлімше мен де ұялып, Білдірмен дедім өлсем де, Шыдар ем күйіп

Әлімше мен де ұялып,
Білдірмен дедім өлсем де,
Шыдар ем күйіп мен жанып,
Айында

бірер керсем де.
Болмады көріп қалуға,
Есітіп біраз сөзіңді.
Шыдар ем бір ай жатуға
Ұзақ түн жұмбай көзімді.
Слайд 4

Қызықтан қашып бұл жерге Көңіліңіз суып келіпсіз. Мәнісін сұрап білуге Тілдесе

Қызықтан қашып бұл жерге
Көңіліңіз суып келіпсіз.
Мәнісін сұрап білуге
Тілдесе алмаймын еріксіз.
Келмесең егер

сен бізге,
Сау болмас па ем, әлбетте.
Болмасам ашына мен сізге,
Түспес ем мұндай бейнетке.
Слайд 5

Асау жүрек қайнамай, Жуасыр ма еді кезінде? Елден бір жақсы сайламай,

Асау жүрек қайнамай,
Жуасыр ма еді кезінде?
Елден бір жақсы сайламай,
Бармас па ем

ерге өзім де?
Өзгеге ешбір дүниеден
Еркімен тимес бұл жүрек.
Әзелде тағдыр иеден,
Қожам - сенсің, не керек.
Слайд 6

Тіршілігім - құрбандық, Шыдамай сені көргенше. Тәңірімнен келген бұл жарлық, Ием

Тіршілігім - құрбандық,
Шыдамай сені көргенше.
Тәңірімнен келген бұл жарлық,
Ием - сенсің өлгенше.
Әуелде

кірдің түсіме,
Ортақтасып өміріме.
Толғау салып ішіме,
Сол күнде-ақ жақтың көңліме.
Слайд 7

Құдайдан болғай деп емі, Құдайыны мол бердім. Көрген жерде-ақ мен сені,

Құдайдан болғай деп емі,
Құдайыны мол бердім.
Көрген жерде-ақ мен сені,
«Осы екен ғой

- сол» - дедім.
Жатқан сайын ұйқыға
Дұға оқушы ем, шошынып.
Ұнатып мені құлқыңа,
Жүруші едің қосылып.
Слайд 8

Түсімде мені жұбатып, Жылы сөзбен сөйлесіп, Кетуші едің қуантып, Қалушы еді

Түсімде мені жұбатып,
Жылы сөзбен сөйлесіп,
Кетуші едің қуантып,
Қалушы еді көңіл өсіп.
Шыныңды айт,

кімсің тербеткен
Иембісің сақтаушы?
Әлде азғырып әуре еткен
Жаумысың теуіп таптаушы?
Слайд 9

Шеш көңлімнің жұмбағын, Әлде бәрі - алданыс. Жас жүрек жайып саусағын

Шеш көңлімнің жұмбағын,
Әлде бәрі - алданыс.
Жас жүрек жайып саусағын
Талпынған шығар айға

алыс.
Не болса да, өзімді
Тапсырдым сізге налынып.
Толтырып жасқа көзімді,
Есірке деймін жалынып.