Артериальная гипертензия

Содержание

Слайд 2

Зерттеу сұрағы: Артериальды гипертензия дегеніміз не сұрағын шешу. Зерттеу мақсаты: Әріптестеріме

Зерттеу сұрағы: Артериальды гипертензия дегеніміз не сұрағын шешу. Зерттеу мақсаты:

Әріптестеріме артериальды гипертензияның қауіптілігін және емдеу тактикасын ұғындыру.
Слайд 3

I. Кіріспе II. Негізгі бөлім Артериалды гипертензия туралы түсінік АГ қауіп-қатерлі

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Артериалды гипертензия туралы түсінік
АГ қауіп-қатерлі факторлар

және қауіп дәрежелері
Жіктелуі
Симптоматикалық артериалдық гипертензия
Жіктелуі
Диагностикасы
Емі
Профилактикасы
АГ скринингі алгоритмі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар:

Слайд 4

Артериялық гипертония немесе артериялық гипертензия– артериялдық қысымның жоғарылауын білдіретін симптом. Артериялдық

Артериялық гипертония немесе артериялық гипертензия– артериялдық қысымның жоғарылауын білдіретін симптом.

Артериялдық гипертензия гипертониялық аурудың және басқа да симптоматикалық артериялық гипертонияның негізгі белгісі болып табылады. Гипертониялық ауру (эссенциалды гипертензия) жүрек-қантамыр ауруларының ең жиі тараған түріне жатады. Гипертониялық ауру барлық артериялдық гипертониямен ауыратындардың 65-75%, симптоматикалық артериалық гипертониямен ауыратындар - 25-35% құрайды.
Артериялық гипертензия - бұл артериялық қысымның тұрақты жоғарылау синдромы, бұл кезде систолиялық АҚ 140 мм. сын. бағ. және одан жағары, ал диастолиялық АҚ 90 мм.сын. бағ. және одан жоғары болады.
Ескерту: Бұл кезде САҚ көтерілуі, белгілі себептерге байланысты емес, яғни симптомдық артериялық гипертензияларға (бүйректік, эндокриндік, гемодинамикалық және т.б.)

Артериялық гипертензия

Слайд 5

Артериялық гипертензия инсульттардың, миокард инфаркты дамуының, тамырлар, бүйрек, көз зақымдалуының қауіп

Артериялық гипертензия инсульттардың, миокард инфаркты дамуының, тамырлар, бүйрек, көз зақымдалуының

қауіп факторы болып табылады

Артериялық гипертензия барысында мидың негізіне (көпіріне) гематомалық түрде қан құйылудың көрінісі

Слайд 6

Этиологиясы Қазіргі кезде артериялық гипертонияның даму себептері толық анықталмаған, оның дамуына

Этиологиясы

Қазіргі кезде артериялық гипертонияның даму себептері толық анықталмаған, оның

дамуына әкелетін ықпалдар ғана белгілі:
Тұқым қуалауға бейімділік. Болжаулар бойынша біріншілік артериялық гипертония белгілі бір гендердің кемістіктерінен дамуы мүмкін.
Нервілік-психшалық жарақаттар (эмоциялық стрестер).
Кәсіптік зияндылықтар (құлаққа, көзге, зейін қоюға көп күш түсуі, мәселен диспетчерлер, шулы цехтарда жұмыс жасайтындар).
Тамақтанудың ерекшеліктері (тұзды тағамға әуесқойлық, эткен шайі (тұз қосылған), кальцийдің, магнийдің жетіспеушілігі).
Диэнцефальдік-гипоталамустық құрылымдардың егде жастағы эндокриндік өзгерістер салдарынан қайта құрылуы (климакс шағы).
Зиянды әдеттер: темекі тарту, ішкілікке салыну (арақ ішкеннен кейін сау адамның өзінде де АҚ 20-30 мм с.б. биіктейді).
Бас миының жарақаттары.
Семіздік.
Слайд 7

Патологиялық анатомиясы Артериялық гипертензия ауруындағы патологоанатом көріп білетін өзгерістер осы аурудың

Патологиялық анатомиясы
Артериялық гипертензия ауруындағы патологоанатом көріп білетін өзгерістер осы

аурудың даму кезеңдеріне байланысты әртүрлі болады. Қазіргі кезде БДҰ эксперттерінің ұйғарымы бойынша гипертония сырқатының үш кезеңін ажыратады;
1) жүрек тамыр жүйесінде әлі белгілі бір өзгеріс туғызбайтын гипертония;
2) тек жүрек гипертрофиясын туғызатын гипертония;
3) көп ағзаларда (жүрек, ми, бүйрек) өзгерістер туғызатын гипертония.
Орташа артерияларда екі түрлі өзгерістер көрінеді: біріншісі осы артериялардың ішкі және ортаңғы қабаттарының қалыңдауы, екінші - осы жердегі созылмалы мембраналардың қатпарланып көбеюі (гиперэластоз). Осы өзгерістер нәтижесінде артерия біраз қалыңдап,о лардың саңылауы тарылады.
Слайд 8

Патогенезі Систолалық және диастолалық артериялық қысымдардың деңгейлері прессорлық және депрессорлық жүйелер

Патогенезі

Систолалық және диастолалық артериялық қысымдардың деңгейлері прессорлық және депрессорлық жүйелер

қызметінің арақатынасына байланысты.
Прессорлық жүйенің құрамына жататындар:
симпатоадренал жүйесі (САЖ);
ренин-ангиотензин жүйесі (РАЖ);
альдостерон жүйесі;
гипоталамус пен гипофиздің антидиурездік жүйесі (вазопрессин);
Ғ2а-простагландин жүйесі.
Слайд 9

Патогенезі Депрессорлық жүйеге жататындар: аорта-каротидтік аймақ (каротидтік синустың, аорта доғасының барорецепторлары);

Патогенезі


Депрессорлық жүйеге жататындар:
аорта-каротидтік аймақ (каротидтік синустың, аорта доғасының барорецепторлары);
депрессорлық простагландиндердің жүйесі

(ПГЕ2, простациклин);
депрессорлық полипептидтер жүйесі (жүрекшелік натрийурездік гормон, гастроинтестициальдік гормон — секретин, ішектік вазоактивті полипептид);
бүйректің депрессорлық липидтері;
эндотелий тәуелді босаңсыту факторы.
Слайд 10

Артериялық гипертонияда прессорлық жүйелердің функциясы артады, ол әсіресе САЖ-нен байқалады. САЖ

Артериялық гипертонияда прессорлық жүйелердің функциясы артады, ол әсіресе САЖ-нен байқалады.
САЖ

қызметінің артуынан АҚ биітеуіне алып келетін себептер:
шетгік вазоконстрикция және соған байланысты жүрекке қан оралуының көбеюі, жүректің соғу көлемінің ұлғаюы;
жұрек соғу санының жиіленуі және соғу көлемінің көбеюімен бірге жүрек шығарымының ұлғаюы;
шеттік артериолалардың рецепторларының белсенуінен тамырлардың жалпы шеттік кедергісінің жоғарылауы.
ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) белсенеді, бұл кезде ДАҚ биіктей түседі.
Слайд 11

Артериялық гипертонияның қалыптасуында басым дамитын тізбектің түріне қарай, оның келесі патогенездік

Артериялық гипертонияның қалыптасуында басым дамитын тізбектің түріне қарай, оның келесі патогенездік

түрлерін айырған:

Гиперадренергиялық. Оның негізінде САЖ-нің басым белсенуі жатады. Қан қүрамында норадреналин көбейеді, қанайналымның гиперкинездік түрі қалыптасады. Оның сипаттамалары — САҚ басым көтерілуі, АҚ тұрақсыздығы, тахикардияның болуы.
Ангиотензин тәуелді. Оның даму негізі — РААЖ-нің басым белсенуі, әсіресе ангиотензин ІІ-нің көбеюі.
Көрінісінде АҚ-ның тұрақты биіктеуі, өсіресе ДАҚ ның, артериоспазмға бейімділік, көбіне қан құрамында ренин деңгейінің жоғарылауы анықталады.

Слайд 12

Артериялық гипертонияның қалыптасуында басым дамитын тізбектің түріне қарай, оның келесі патогенездік

Артериялық гипертонияның қалыптасуында басым дамитын тізбектің түріне қарай, оның келесі патогенездік

түрлерін айырған:

Натрий (көлемге) тәуелді гипергидратациялық. Бұл түрінде альдостеронның мөлшері басым жоғарылайды. Гиперальдостеронизмге байланысты организмде натрий мен су жиналып, ісінуге бейімділік болады.
Кальцийге тәуелді түрі (М.С.Кушаковский, 1994 ж). Артериялар мен артериолалардың тегіс салалы бұлшықет жасушаларында кальций йондарының шамадан тыс жиналады. Кальцийдің жиналуынан тамырлар түйіледі.

Слайд 13

АГ синдромының белгілері: Бастапқы кезеңдерінде науқастар еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, жалпы әлсіздікке,

АГ синдромының белгілері:

Бастапқы кезеңдерінде науқастар еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, жалпы әлсіздікке,

жұмысқа ден қоя алмауына, ұйқысыздыққа, өтпелі бас ауруына, бас айналуға, құлақтың шуылдауына, бастағы ауырлық сезіміне, кейінірек физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, бас ауруы мен бас айналудың тұрақты сипат алуына шағымданады.
Артериялық гипертонияның көрінісі оның барысына (кризді, қатерлі, рефрактерлі), сатысына және "нысаналық" ағзалардың зақымдану деңгейіне тәуелді.
Слайд 14

Клиникалық көрінісінде анықталатын синдромдар: Артериялық гипертония синдромы - бас ауру, көз

Клиникалық көрінісінде анықталатын синдромдар:

Артериялық гипертония синдромы - бас ауру, көз

көруінің нашарлауы, көз алдында дақтардың пайда болуы, аорта тұсында 2-тонның акценті, пульсі толық және кернеуі күшті.
Цереброваскулярлық синдром - бастың ауыруы, айналуы, кұлақ шуылдауы, есте сақтау қабілеттің төмендеуі, ми қан айналымының өтпелі бұзылыстары және т.б.
Жүректік синдром - стенокардия ұстамалары, кардиалгиялар, ырғақ бұзылыстары, сол қарыншаның гипертрофиясы, шамасыздығы;
Жалпы невроздық синдром - ұйқысыздық, астения, иппохондрия, депрессияға бейімділік.
Гипертониялық ангиоретинопатия синдромы - көз көруінің нашарлауы, кейде толық көрмей де қалуы.
Бүйректің зақымдалу синдромы - атеросклероздық нефросклероз, зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі, микрогематурия, протеинурия, азотемия. СБЖ.
Сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігі синдромы – ентігу, акроцианоз, жүрек астмасының клиникасы, қан қақыру.
Слайд 15

АГ-мен бірлескен клиникалық аурулар: Цереброваскулярлық аурулар: Ишемиялық инсульт, геморрагиялық инсульт, өтпелі

АГ-мен бірлескен клиникалық аурулар:

Цереброваскулярлық аурулар: Ишемиялық инсульт, геморрагиялық инсульт, өтпелі ишемиялық

шабуыл.
Жүрек аурулары: Миокард инфаркты, стенокардия, коронарлық реваскуляризация, іркілістік жүрек шамасыздығы.
Бүйрек аурулары: Диабетгік нефропатия, бүйрек шамасыздығы (2 мг/дл артық креатининемия)
Тамыр аурулары: Аортаның ажырамалы аневризмасы, шеттік артериялардың
екіншілік зақымданулары.
Гипертониялық ретинопатия: Геморрагиялар немесе экссудация, көру нерві емізігінің ісінуі.
Қантты диабет
Слайд 16

Бүйректің зақымдалуы А – қалыпты қысым кезінде В - артериалиялық гипертензия кезінде. шумақтар өлшердері үлкейген

Бүйректің зақымдалуы

А – қалыпты қысым кезінде
В - артериалиялық гипертензия кезінде.

шумақтар өлшердері үлкейген
Слайд 17

Ағымының 4 нұсқасын ажыратады: 1 - қатерлі (тез өршитін); 2 –

Ағымының 4 нұсқасын ажыратады:

1 - қатерлі (тез өршитін);
2 – баяу өршитін;


3 - өршімейтін;
4 – қайтымды дамуымен;
Қатерлі түрінде АҚ бастапқы кезден-ақ тез өршиді, АҚ өте жоғары сандарына жетеді ( 220/130-140 мм с.б.б. жоғары), көз түбінің торқабықтың және көру нервінің ісінуі ретінде зақымдалады, геморрагиялар болады; бүйрек тамырларындағы органикалық өзгерістер (фибриндік некроз) орны алуы да жиі кездесіп отырады. Сонымен қатар гипертониялық энцефалопатиялар, ми қанайналымының бұзылысы, жіті солқарыншалық және бүйректік жеткіліксіздік дамиды.
Слайд 18

Гипертониялық криз Гипертониялық ауруға кезеңді түрде АҚ көтерілуі – гипертониялық криздер

Гипертониялық криз

Гипертониялық ауруға кезеңді түрде АҚ көтерілуі – гипертониялық

криздер тән.
Криздердің дамуына психикалық жарақаттар, жүйкелік қозу, атмосфералық қысымның ауытқуы әсер етеді.
Гипертониялық криз әртүрлі ұзақтықтағы (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) АҚ кенеттен көтерілуімен байқалады, ол бастың бірден ауыруымен, бас айналумен, ыстық сезімінің болуымен, тершеңдікпен, жүрек қағуымен, жүрек тұсының шаншып ауруымен, кейде көрудің бұзылуымен, жүрек айнумен, құсумен сипатталады. Ауыр жағдайда криз кезінде естен тану да болуы мүмкін. Криз кезінде науқастар қозулы, қорыққан, немесе әлсіз, ұйқышыл, тежелген күйде болады. АҚ кенет жоғарылайды. Пульсі жиіленген, бірақ өзгермеуі немесе баяулауы да мүмкін, оның кернеулігі жоғарылайды. Кеш сатыларында, яғни ауруда органикалық бұзылыстар пайда болғанда, криз уақытында ми қанайналымының бұзылуы, миокад инфаркті, жіті солқарыншалық жеткіліксіздік дамиды.
Слайд 19

Слайд 20

ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР АГ стратификациясының критерилері

ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР
АГ стратификациясының критерилері

Слайд 21

АГ қауіп дәрежесі: Төменгі қатер тобы (1 қатер). Бұл топқа АГ

АГ қауіп дәрежесі:  

Төменгі қатер тобы (1 қатер). Бұл топқа АГ

1 дəрежесі мен басқа қатер факторлары, ағза нысана зақымдалуы жəне жүрек-қантамыр ауруларының қосарлануы жоқ 55 жастанжас ерлер мен əйелдер кіреді. Жүрек қантамыр асқынуларының (инсульт, инфаркт) даму қаупі алдағы 10 жылда 15% төменді құрайды.  
Орташа қатер тобы (2 қатер). Бұлтопқа 1 немесе 2 дəрежедегі АГ емделушілер кіреді. Бұл топқа кірудің негізгі белгілері болып ағза нысана зақымдалуы жəне жүрек-қантамыр ауруларымен қосарлануы жоқ, 1-2 басқа факторлардың болуы табылады. Жүрек қантамыр асқынуларының (инсульт, инфаркт) даму қаупі алдағы 10 жылда 15-20% құрайды.  
Слайд 22

Жоғары қатер тобы (3 қатер). Бұл топқа 3 немесе одан көп

Жоғары қатер тобы (3 қатер). Бұл топқа 3 немесе одан

көп басқа қауіп-қатер факторлары бар немесе ағза нысандардың зақымдануы бар, 1 немесе 2 дəрежелі АГ емделушілер жатады. Осы топқа 3 дəрежелі АГ науқастар кіреді, ағза нысаналардың зақымдануынсыз, қосарлы ауруларсыз жəне қантты диабетсіз. Жүрек қантамыр асқынуларының даму қаупі алдағы 10 жылда 20 дан 30% ке дейін.  
Өте жоғары қауіптегі топ (4 қатер). Бұл топқа АГ кез келген дəрежесі мен емделушілер жатады, қосарланған аурулары бар, сонымен қатар 3 дəрежелі АГ емделушілер, қосарланған аурулар болмаған жағдайда да басқа қауіп қатер факторларымен жəне/немесе ағза нысана жəне/немесе қантты диабетпен науқастар кіреді. Жүрек қантамыр асқынуларының даму қаупіалдағы 10 жылда 30% жоғары.
Слайд 23

Артериялық гипертензияның қауіп факторлары

Артериялық гипертензияның қауіп факторлары

Слайд 24

АГ науқастарды болжауды бағалау үшін қатерді стратификациялау

АГ науқастарды болжауды бағалау үшін қатерді стратификациялау

Слайд 25

Слайд 26

Артериялық гипертензияның ДДУ (1999) жіктемесі

Артериялық гипертензияның ДДУ (1999) жіктемесі

Слайд 27

Стратификация — науқастарды қауіп дәрежесіне карай жіктеу. Қауіптер үш топқа жіктелген:

Стратификация — науқастарды қауіп дәрежесіне карай жіктеу.
Қауіптер үш топқа жіктелген:
1)

қауіп факторлары;
2) нысана ағзалардың зақымдануы;
3) артериялық гипертониямен бірлескен жағдайлар немесе аурулар .
Слайд 28

Артериялық гипертензияның екі түрі бар: 1. Біріншілік артериялық гипертония (эссенциальдік гипертония).

Артериялық гипертензияның екі түрі бар:

1. Біріншілік артериялық гипертония (эссенциальдік гипертония).
Біріншілік

артериялық гипертония (АГ) немесе эссенциальдік гипертония — артериялық қысымның реттеуіне қатысты ағзалардың зақымдануына байланыссыз дамитын артериялық гипертония.
2. Екіншілікті артериялық гипертония
Симптомдык (екіншілік) артериялық гипертензиялар (САГ) — қан қысымын реттеуге қатысты ағзалардың немесе жүйелердің зақымдануынан дамитын артериялық гипертензиялар.
Слайд 29

Симптоматикалық артериалдық гипертензияларды 5 топқа жіктейді. Симптоматикалық артериалдық гипертензиялардың жіктелуі (екіншілік

Симптоматикалық артериалдық гипертензияларды 5 топқа жіктейді. Симптоматикалық артериалдық гипертензиялардың жіктелуі (екіншілік

гипертензиялар):

І) Бүйректік гипертониялар:
1. Туа пайда болған ақаулар - гипоплазия, гидронефроз, поликистоз, патологиялық қозғалмалы бүйрек; артерияның атрезиясы мен гипоплазиясы, аневризмалар, артериовеноздыфистулалар.
2. Жүре пайда болған ақаулар – диффузды гломерулонефрит, созылмалы пиелонефрит, амилоидоз, диабеттік гломерулосклероз, жүйелі васкулиттер (түйінді периартериит, қызылжегі, склеродермия), бүйректеринфаркті, туберкулезі, ісігі.
3. Жүре пайда болған магистралды бүйрек артерияларының ақаулары - атеросклероз, тромбоз, кальциноз, эмболиялар, аневризмалар, фибромускулярлы дисплазия, аортоартериит, эндоартериит, тыртықтар, гематомалар, неоплазмалар, жаншылып жатқан магистралдыбүйрек артериялары, бүйрек көктамырларының стеноздары және тромбоздары.

Слайд 30

ІІ) Жүрек және ірі артериялардың зақымдалуы мен жүретін гипертониялар – қолқа

ІІ) Жүрек және ірі артериялардың зақымдалуы мен жүретін гипертониялар –

қолқа коарктациясы, атеросклерозы, ұйқы және мықын артерияларының стенозирдаушы зақымдалулары, қолқа қақпақтарының жеткіліксіздігі, толық атриовентрикулярлы бөгеме.
ІІІ) Эндокринді гипертониялар - феохромоцитома, біріншілік альдостерома, кортикостерома, тиреотоксикоз, Иценко-Кушинг ауруы.
ІV) Орталық гипертониялар - энцефалит, полиомиелит, ісіктер, жарақаттар.
V) Қосарланған зақымдалулардағы гипертония – бүйрек артерияларының, бүйрек паренхимасының және оның магистралды артерияларының, бүйрек үсті безі мен бүйректің, бүйректің әр түрлі паренхиматозды ауруларында.
Слайд 31

Артериялык гипертонияның негізгі аскынулары 1. Кардиальдік: а) төж артериялар атеросклерозының жөне

Артериялык гипертонияның негізгі аскынулары

1. Кардиальдік:
а) төж артериялар атеросклерозының жөне ЖИА-ның тез өрістеп дамуы;
ә)

жүректің жедел шамасыздығы (криздер кезінде);
б) жүрекгің созылмалы шамасыздығы.
2. Церебральдік:
а) көз көруінің төмендеуі, кейіндеу - соқырлыққа әкелуі;
ә) ми тамырлары атеросклерозының тез өрістеп дамуы;
б) бас миы қанайналымының динамикалық жөне органикалық бұзылыстары.
3. Бүйректік: гипертониялық нефроангиосклероз, бүйректің созылмалы шамасыздығы.
4. Аорталык: аорта аневризмасы, ажырамалы аневризма, аневризманың жарылуы.
5. Гипертониялық криздер.
Слайд 32

АГ синдромының диагностикасы: 1. Отырған, жатқан қалпында АҚ 2-3-рет өлшеу; 2.

АГ синдромының диагностикасы:
1. Отырған, жатқан қалпында АҚ 2-3-рет өлшеу;

2. Бойының ұзындығын, денесалмағын, бел мен мықын айнала шеңберін өлшеу, бел/мықын өлшемдерінің қатынасын есептеу;
3. Гипертониялық ретинопатияның дәрежесін анықтау үшін көз түбін тексеру;
4. Жүрек-қантамыр жүйесінтексеру: жүрек көлемін, тондардың өзгеруін, шулардың болуын; жүрек жеткіліксіздігі белгілерін; ұйқы, бүйрек және шеткері артерияларының патологияларын, қолқа коарктациясын;
5. Құрсақ қуысын тексеру (тамырлық шулар, бүйректердің ұлғаюы, қолқаның патологиялық пульсациясы);
6. Шеткері артериялардың пульсациясын және аяқтардағы ісіктерді анықтау;
7. Цереброваскулярлы патологияны анықтау үшін жүйке жүйесін тексеру.
Міндетті зерттеулер, емнің алдында нысана ағзалардың зақымдалуы мен қауіп факторларын анықтау қажет: - несеп анализі; - жалпы қан анализі лейкоформуласы мен; - қан анализі (калий, натрий, креатинин, глюкоза, жалпы холестерин және жоғары тығыздықтағы липопротеидтер); - 12 тіркемедегі ЭКГ.
Слайд 33

Инструменталдық зерттеулер: эхокардиография, ұйқы жəне сан артериясын УДЗ, бүйректі УДЗ, бүйректік

Инструменталдық зерттеулер: эхокардиография, ұйқы жəне сан артериясын УДЗ, бүйректі УДЗ,

бүйректік қантамырлардың допплер - УДЗ, бүйрек үсті безін УДЗ, радиоизотоптық ренография, сандық əдіс пен қандағы С – реактивті ақуыз, тест – жолақтарымен микроальбуминурия (қантты диабет кезінде міндетті), сандық протеинурия,  Нечипоренко жəне Зимницкий бойынша зəр анализі, Реберг сынамасы.
Лабораторлық зерттеулер: гемоглобин, эритроциттер, аш қарынға қан глюкозасы, жалпы холестерин, холестерин ЛПВП, аш қарынға триглицеридтер, зəр қышқылы, креатинин, калий, натрий, зəрдің жалпы анализі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі

Слайд 34

Диагнозды құрастыру реттілігі: нозологияның аты; АҚ-ның биіктеу дәрежесі; қауіптілік тобы (қауіп

Диагнозды құрастыру реттілігі:

нозологияның аты;
АҚ-ның биіктеу дәрежесі;
қауіптілік тобы (қауіп факторларын, нысана ағзалардың

зақьшдануын, бірлескен ауруларын тізіп көрсетумен);
асқынулары.
Диагноздың үлгісі: Артериялық гипертония, III дәрежелі, қауіптілігі IV .
Асқынуы. Гипертониялық криз II типі. 28.12.03.
Слайд 35

Емдеу тактикасы Дəрі-дəрмексіз ем - емделушінің өмір салтын өзгерту: 1. Дəрі

Емдеу тактикасы

Дəрі-дəрмексіз ем - емделушінің өмір салтын өзгерту:
1. Дəрі дəрмексіз ем

 АГ барлық науқастарға ұсынылуы қажет, дəрілік терапияға зəрулерді қоса.
2. Дəрі дəрмексіз терапия дəрі дəрмектік терапияға қажеттілікті төмендетеді жəне гипотензивтік препараттар тиімділігін арттырады.
3. Өмір салтын өзгерту бойынша шараларды АГ барлық емделушілерге, сонымен қатар АҚ «қалып шеңберінде артқан» науқасатрға ұсыну қажет (130-139/85-89 мм.с.б.).
4. Темекі тартатын емделушілерге оны тастауды ұсыныңыз.
5. Алкоголь пайдаланатын емделушілерге, оны ерлер үшін 20-30 г этанол/тəулігіне көп емес, əйелдер үшін 10-20 г этанол/тəулігіне көп емес шектеу ұсынылады.
6. Дене салмағы жоғары емделушілерге (ДСЖ 25,0 кг/м2) салмақты төмендетуді ұсыну қажет.
7. Тұрақты жаттығулар көмегімен физикалық белсенділікті арттыру қажет.
8. Ас тұзын пайдалануды тəулігіне 5-6 г аз мөлшерге дейін немесе натрийді тəулігіне 2,4 г деңгейге дейін азайту қажет.
9. Жеміс пен жидектерді пайдалануды арттыру қажет, ал құрамында қаныққан май қышқылдары бар өнімдерді шектеген жөн.
10.  АҚ төмендету үшін зат ретінде таблеткадағы кальций, магний немесе калий препараттарын пайдалануды нұсқамаңыз.
Слайд 36

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі 1. Гидрохлортиазид табл, 12,5-25 мг. 2. Индапамид табл,

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі

1. Гидрохлортиазид табл, 12,5-25 мг.
2. Индапамид табл, 2,5 мг.
3.

 Метопролол табл, 50-200мг\тəулігіне.
4. Эналаприл табл, 2,5 мг, 10 мг; ампуладағы ерітінді 1,25 мг/1 мл.
5.  Лизиноприлтабл, 5-40 мг.
6.  Периндоприл 2-8 мг.
7.  Эпросартантабл, 300-600 мг\тəулігіне.
8. Амлодипинтабл, 5 мг, 10 мг.
9. Верапамилтабл, 240-480 мг.
10. Доксазозинтабл, 1-16 мг.
11. Моксонидинтабл, 02-0,4 мг\тəулігіне.  
Слайд 37

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі 1. Ацетилсалицил қышқылы табл, 75 мг\тəулігіне. 2. Аторвастатин

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі

1. Ацетилсалицил қышқылы табл, 75 мг\тəулігіне.
2.  Аторвастатин табл, 10-80

мг.
3.  Симвастатин табл, 5-80 мг.
4. Ловастатин табл, 10-40 мг.  
Слайд 38

Госпитализациялау Жоспарлы госпитализациялау алдындағы тексерулердің қажетті көлемі: 1. АҚ өлшеу. 2.

Госпитализациялау

Жоспарлы госпитализациялау алдындағы тексерулердің қажетті көлемі:
1. АҚ өлшеу.
2. Электрокардиограмма.
3. Қанның

жалпы анализ.
4. Зəрдің жалпы анализі.
5. Кардиолог консультациясы.
6. Кеуде клеткасының флюорографиясы.
7. Глист жұмыртқаларына нəжіс.
Слайд 39

Госпитализациялау үшін көрсетімдер: - асқынған гипертониялық криз; - белсенді емдеу фонында

Госпитализациялау үшін көрсетімдер:

- асқынған гипертониялық криз;
- белсенді емдеу фонында криз себептері

мен дəрі дəрмектік емді таңдау үшін, асқынбаған гипертониялық криздің жиілеуі;
- артериалдық гипертония фонында ми қанайналымының бұзылуы (инсульт, транзиторлық ишемиялық шабуыл);
- комбинациялы көп компонентті терапия фонында АҚ төмендеуінің болмауы;
- АҚ жүкті әйелдерде 150/100 с.б. жоғары;
- Жұмысқа қабілетті науқасты бағалау қажеттілігі мен симптоматикалық гипертонияны алып тастау.
Слайд 40

Профилактикасы Біріншілік профилактика: салауатты өмір салтын жүргізу, АГ туындауына алып келетін

Профилактикасы

Біріншілік профилактика: салауатты өмір салтын жүргізу, АГ туындауына алып келетін ауруларды

дер кезінде анықтау жəне емдеу.
Профилактикалықшаралар: салауатты өмір салтын сақтау.
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: үнемі кардиолог бақылауы.
Слайд 41

Қорытынды Артериялық гипертензия профилактикасы популяциялық және жанұялық деңгейде жүргізіледі. Балалар мен

Қорытынды

Артериялық гипертензия профилактикасы популяциялық және жанұялық деңгейде жүргізіледі. Балалар мен

жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, қауіп қатер факторын анықтап, жою, жанұяда жанға жайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру. Еңбек және демалыстың дұрыс режимін сақтау, адекватты физикалық жүктеме.
Баланы әрбір қарау барысында артериялық қан қысымын өлшеп тұрған жөн.
Артериалдық гипотензияның Қазақстанда мектеп жасындағы балалар арасында таралу жиілігі 3.3%. Статистика бойынша артериалды гипотензия жиілігі кейінгі жылдарда жиілей түсті. Ересек адамдар арасындағы гипотензиялар мен олардың асқынулары бала кезінен басталатын артериалды гипотензияның салдары екені анық болды.