Отбасы құрылымы

Слайд 2

Репродуктивті қызметі – баланың туылуы. Латын тілінен аударғанда «қайтадан жаңарту, көбейту»

Репродуктивті қызметі – баланың туылуы. Латын тілінен аударғанда «қайтадан жаңарту,

көбейту» деген мағынаны білдіреді. Отбасына байланысты қарастырсақ, бұл адамзаттың ұрпағын көбейту, оларды бағып-қағып жетілдіру деген сөз. 2. Тәрбиелілік қызметі – отбасының әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиелік жағдай жасауы. Балапны отбасында тәрбиелеу – әлеуметтік-педагогикалық ең мағыналы құрамдас бөлігі. Ата-ана баланың іс-әрекетін болашаққа бағыттап, келешегін ойлап, оқытып, денсаулығын қадағалап өсіреді. Кейде баласына дұрыс тәрбие бере алмайтын ата-аналар да кездеседі. Мұндай жағдайда әлеуметтік педагогтың көмегі өте маңызды. 3. Тұрмыстық-экономикалық қызметі – жалпы тұрмысты, бюджетті басқару. Ерте заманнан-ақ отбасы адамның тұрмыс-тіршілік мекені болып келеді. Егіншілік, мал-шаруашылығы, аңшылық, қол өнерімен шұғылдану – отбасының басты тірегі. Сондай-ақ қазіргі жағдайда әрбір жас отбасы өз бетінше күн көріп, ешкімге бағынышты болмауға ұмтылады. Әрине, бұл отбасының тұрмыстық-экономикалық қызметін белгілейді.
Слайд 3

4. Рекреативті қызметі – іс-әрекет ұйымдастыру. Өмірдегі құбылыстар тез өзгерістерге ұшырап,

4. Рекреативті қызметі – іс-әрекет ұйымдастыру. Өмірдегі құбылыстар тез өзгерістерге ұшырап,

соның салдарынан әр түрлі әлеуметтік және психологиялық тұрғыда ықпал ету арта түскен бүгінгі таңда стрестік жағдайлар саны біршама көбейіп, отбасы бұдан кейінгі ерекше терапиялық рөл атқару міндеттерін өз мойнына алды. Өйткені әрбір отбасы жан тыныштығын, өзара сенімнің қалыптасуын, қауіпсіздік сезімі мен психологиялық тұрғыдағы оңды ортаны қалайды, әрі соны орнықтырады. Аталмыш қызмет өзіне рухани- эстетикалық сәттерді, сонымен қатар, отбасылық демалысты ұйымдастыруды да өз құзырына қосып алған.
Слайд 4

5. Әлеуметтендіру қызметі – әр түрлі қоғамдық құбылыстарды біліп, соған бейімделіп

5. Әлеуметтендіру қызметі – әр түрлі қоғамдық құбылыстарды біліп, соған бейімделіп

өмір сүру, оқып білім алу, кәсіп таңдау, мамандыққа ие болу сияқты әлеуметтенудің басты мақсатын меңгерту. Бала отбасында қоғамдық өміріне қажетті қасиеттерді, қарым-қатынасқа ену тәсілдерін, әр түрлі байланыстар орнату жолдарын іздестіреді. Сондай-ақ, әлеуметтік жүріс-тұрыс ережелерін, қоғамдық қарым-қатынас нормаларын сақтау мен қоғамда өмір сүруіне бейімдеу, ұлттық әдет-ғұрыптарды мәдениетті танып-білу және меңгеру, әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына отбасы жағдай жасау керек.