Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы ойынханалардың жергілікті бюджетке салатын салығы жылына 6,2 млрд
теңгені құрайды екен. Ұтылған ақшаның 40 пайызы да мемлекет қазынасына құйылады.Тіпті, джекпот ұтып алған ұтысын алып кету үшін алдымен сол ақшасының он пайызын мемлекетке салық ретінде төлейді. Бұрын жиырмадан астам ойын үстелі бар кез келген казино елімізде өз лицензиясын ала алатын еді. Енді талап күшейтіліп, кемінде отыз ойын үстелі бар мекеме ғана өзін ресми түрде ойынхана ретінде тіркей алады. Жуырда Мәжілістің Экономикалық реформа және аймақтық даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымын өткізген соң осындай жаңа талаптар енгізіліп отыр.