Слайд 4
![Биоэтиканың ерекшеліктері : Биоэтиканың пәнаралық сипаты философиялық, медициналық, жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық,](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1436313/slide-3.jpg)
Биоэтиканың ерекшеліктері :
Биоэтиканың пәнаралық сипаты философиялық, медициналық, жаратылыстану ғылымдары,
гуманитарлық, теологиялық, заң бағытындағы ғылымдардың болуымен анықталады;
Биоэтиканың жариялануы, биоэтикалық пікір таластарда тек кәсіби ғалымдар мен медиктер ғана емес, заңгерлер, философтар, теологтар, экономистер, пациенттер мен олардың отбасы мүшелері және қоғамдағы басқа өкілдердің де қатысуын көздейді;
Биоэтиканың нормативтілігі қосымша медициналық тәжірибеде және жаңа биомедициналық технологияларды қолдану әсерінен пайда болған жаңа жағдайларда жалпы адами моральдік құндылықтардың ерекшеліктерін зерттеуді көздейді;
Биоэтиканың институционалдығы тек білім аясында ғана емес, әлеуметтік институт сияқты, биоэтикалық мәселелерді шешуде этикалық (биоэтикалық) комитет деп аталатын биомедициналық зерттеулермен бірге, көпдеңгейлі қоғамдық желілерді, мемлекеттік, халықаралық ұйымдарды құрумен көрінеді. Этикалық комитеттер ғылыми зерттеу орындарында және ауруханаларда, мемлекеттік органдарда, халықаралық ұйымдардың (ЮНЕСКО, ВОЗ, Европа кеңесі т.б.) ішінде бар.