Авторы – америка Әскери конфедерациясының офицері болған, фармацевт Джон Стит Пембертон (Кока-коланы бір
фермер ойлап тауып, рецептін Джон Ститке 250$ сатқан, ол жайлы Джон Стит өзінің сұхбаттарының бірінде айтыпты деген аңыз бар).
Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон, осы уақытқа дейін сусынның логотипі болып табылатын «Coca-Cola» деген сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі (осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман (Albert Niemann) ерекше компонентін бөліп алып, кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын «кез келген жүйке бұзылуына» емдік дәрі ретінде Атлантадағы Джекоба қалалық дәріханасында сатыла бастайды. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян екені анықталмағандықтан, тыйым салынған заттек болып табылмайтын. Сондықтан кокаин еркін сатылымда болып, оны ләззат алу үшін спирттің орнына сусынға жиі қосып отыратын болған. Бастапқыда сусынды күнделікті орташа есеппен 9 адам сатып алатын болған. Алайда кока-коланың танымалдығы мен кірісі де біртіндеп өсе бастады.