Тұрмыстық ауа шуларына қатты сөйлеу, балалардың жылауы, музыкалық аспаптарда ойнау, өлең
айту радио қабылдағыштардың, магнитофондардың, теледидардың, шаң сорғыштардың, кір жуатын машиналардың және т.б. жұмысы жатады. Ауалық шудан басқа пәтерлерде құрылымдық шу да болады, олар ғимараттың құрылымдары арқылы беріледі. Ол жүрген кезде, билеген кезде, балалардың жүгірген, жиһаздарды қозғаған кезде, сондай-ақ механикалық қондырғылар жұмыс істеген кезде пайда болады. Құрылымдық шудың ауалық шудан айырмашылығы – ол ғимараттардың құрылымдары арқылы өте алыс орналасқан бөлмелерге де жетеді.