Слайд 6
9 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында неміс ғалымы Ф.Гейнке, дат
ғалымы К.Петерсен, Норвегия ғалымы Ю.Иорт, т.б. балық аулау кәсібін ғылым тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізді, соның нәтижесінде балық қорын анықтау тәсілдері ұсынылды. Ихтиологияның дамуына кеңестік дәуірдегі ихтиологиялық бағыттың бастаушысы атанған Л.С. Берг (балық жіктелімі, палеонтологиясы, таралуы), А.Н. Северцов (балық анатомиясы), В.В. Васнецов пен С.Г. Крыжановский (балық морфологиясы мен эмбриологиясы), Е.К. Суворов (кәсіптік И.), Г.Н. Монастырский (балық жасын және өсу жылдамдығын анықтауды), Г.В. Никольский (арнайы ихтиология және балық экологиясы оқулықтары), т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. 20 ғасырдың ортасынан бастап ихтиологтар балықты зерттеудің барлық саласына да көптеген жаңалықтар енгізді. Мысалы, балық үйірін іздеуге ультрадыбысты қолдану, балық аулауда электр жарығын, балықтың қоректенуін зерттеуге радиоактивті изотоптарды пайдалану, балық өсіруде гипофиз гормонын инъекциялау, батискаф, т.б. аппараттармен судың әр түрлі тереңдігін зерттеу, су асты телевизиясын пайдалану, т.б