Дозиметрлік аспаптардың көпшілігі арнайы қолданды, ол сәулеленудің жеке түрлерін тіркеу
тиімділігімен, сәулелену интенсивтілігі бойынша аспаптың өлшейтін диапозонымен және *қаттылықпен жүру*, яғни аспаптың көрсетуі сәулелену энергиясына байланыстылығымен анықталады.
Сәулелену түрлерін тіркеу тиімділігі аспаптың детекторына байланысты. Кванттық сәулеленуді өлшеу үшін ең жарамдысы- ауасы ионданатын камераның принципіне негізделген аспаптар. Бета- ағындарын өлшеу үшін датчиктері газоразядты бар есептегіш түрінде аспаптарды қолданамыз.
Топтық радиациялық бақылау жүргізу үшін:
1. Топтық бақылау мақсатымен қолданылатын аспап радиациялық- технолгиялық үрдістің жағдайына қатал сәйкес келуі қажет.
2. Жұмыс орындарын және шектес бөлімдері радациядан қорғау тиімділігін тексеру кезінде радиациялық техниканы пайдалану режимі, олардың іс- жүзіндегі пайдалану жағдайына сәйкес болуы қажет.
3. Нысандағы радиация жағдайы туралы сенімді мәлемет алу- үшін қанша рет зерттеу жүргізу қажет болса, сонша рет жүргізу керек.