Слайд 12
![Қорытынды Қазіргі таңда әлем мемлекеттерінің де, Республикамыздың да белгілі бір ортақ](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1372475/slide-11.jpg)
Қорытынды
Қазіргі таңда әлем мемлекеттерінің де, Республикамыздың да белгілі бір ортақ
мәселелері бар. Олардың ішіндегі негізі мәселесінің бірі – тиімді, бағасы қол жетімді және экологиялық жағынан таза энергия көзі болып табылады. Елімізде мол қоры бар Уран изотоптарын өндіру, өңдеу және қолдану арқылы ядролық энергия алу мәселесі күрделі қаралып отыр. Бірақ, бұл айтып отырған энергия көзін алу және пайдалану өте қауіпті. Осы атомды өндіру, өңдеу кезінде үлкен апаттық жағдайлар орын алып, экология зиянды улар бөлінетін болса, сол аумақты мекен ететіндер үлкен зардап шегеді. Бұл энергия көзі бір жағынан тиімді, екінші жағынан орасан зор зиянды екенін ескеруіміз керек.
Бұл курстық жұмыста қарастырған ақпараттар келесідей сатылар бойынша орындалды: біріншіден, ядролық энергетика жайында тыңдармандарға түсінік қалыптастыра отырып, осы энергияның өндірілуі мен кен орындары туралы толық мәлімет жасалынды.
Екіншіден, ядролық энергияны өндіретін АЭС-ларының қашан және қалай пайда болғаны жөнінде дерек көздерін жинақтап, тыңдаушыларға түсінікті етіп, қысқаша анықтамаларын көрсетілді. Еліміздегі ядролық энергия қарқынды дамыса экологиялық жағдай жайлы әңгіме айтудың қажеті де болмай қалады. Қазіргі таңда еліміздің экологиялық жағдайы әңгімелеп отырған энергия көзін толық пайдаланбаған күннің өзінде өте нашар. Осы жұмыста экологиялық мәселелерді қосымша ақпарат ретінде қарастырылды.
Үшіншіден, ядролық энергияның ҚР үшін маңызы және осы саланың дағдарысы жайында мәліметтерді толық қамтылып көрсетілді. Еліміздегі ядролық энергияның қазіргі жағдайы және болашағы туралы жақсы ақпараттар жинақталды. ҚР-ның атом энергетикасына да тоқталып, еліміздің бұрынғы уақытта жұмыс жасаған АЭС-лары туралы қысқаша баяндалды.